Жастай мал бағумен араласып жүргендіктен болар, мал туралы айтылған әңгімелерге бір құлағымды түріп, зейін қойып жүремін. Есім кіргеннен малшының қызы болдым. Ұяда көріп, ұшқанда соны ілгендіктен болар, оның бер жағында — мамандығым кіші мал дәрігері қызметім, малға жақын болуыма септігін тигізген сыңайлы.
Бірде бір үйдің малын қарауға шақырту алып, барғанымда — әлгі әйелден, сиырың қай жаста, нешінші рет төлдеп жатыр деп сұрағанымда: Сиырым төртте, «екі қабат» емес деді.
Жоқ, сиырың буаз, шамасы екінші рет, дедім. Ол аңтарылып тұрып, а…ия…ия…ия сасып қалып… бұрында бір, іш тастап (выкыдыш) кеткенін айтты…
Қала емес, ауылда тұратындар малдың жайына- немқұрайды қарайтынына таң қалдым. Бұл кісі балаларына қалай тәрбие беретініне ойланып қалдым.
Малды төлдеді деп, айтамыз. Жалпылама малды да туды, тумады деп, айта береміз.
Екінші айтатыным: Жасына қарай өсу кезеңдері; Сиыр бұзаулайды, түйе- боталайды, жылқы- құлындайды, қой- қоздайды, ешкі лақтайды.
Түйе: бота, тайлақ, құнажын тайлақ ұрғашысы, төлдегені — інген делінеді. Еркегі- буыршын, келеге түскені- бура, үлек, кестіргені (кастрация)- атан түйе делінеді.
Жылқы: құлын, жабағы, құнан, дөнен, бесті. БЕСТІ ЕРКЕГІ- айғыр, кестіргені- ат болады.
Ұрғашысы: байтал, төлдегені- бие делінеді.
Сиыр: бұзау, баспақ, тана ( кей жерде) еркегі: бұқа, кестіргені өгіз делінеді.
Ұрғашысы: қашар, құнажүн қашар, төлдегені: Сиыр делінеді.
Қой: қозы, марқа( 6 айдан асса) тоқты, еркегі қошқар, азбан, кестіргені ісек делінеді. ұрғашысы: тұсақ, төлдегені: саулық қой делінеді.
Ешкі: лақ, шыбыш, туша ұрғашылары. Еркегі: теке, кестіргенін серке дейді. Төлдегені ешкі аналық.
Әр түліктің, өзіндік ерекшеліктері бар, олардан алынатын — адамға пайдалы жағын келешектің еншісі не қалдырайын.
Адам үшін құнды капитал- деп ойлаймын малды. Біле жүрейік, білгенге маржан!
Сырға Ешмұрат қызы