Астана әсемдігімен қылмыңдап талай жасты өзіне тартып-ақ тұр. Сұлулыққа сүйсінбейтін, әдемілікті әр тұтпайтын жан кем де кем болар. Бірақ біреудің ебі, енді бірудің себі болмай Астана арманға айналып тұр.
Бүгін мен Астана қаласының №99 орта мектебінің жас ұстазы, жүрегінің түгі бар, кеудесінің нұры тасыған
Мәулен Абылай Наурызханұлымен таныстым. Абылай Бурабайда туып, өсіп, Көкшетау қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы университеттін қазақ тілі пәні мамандығы бойынша тамамдап, Астанаға ат басын бұрған. Бас қаламызда кеше ғана салынған жайлы метептің мұғалімдерге арналған жайлы бұрышында, жайланып отырып сөйлесу бұйырды. Төртбақ, тығыршық денелі келген орта бойлы азамат екен. Ашық жүзді, бір қарағанға бойында кіршігі жоқ, аузын ашса көмейі көрінетіндей байқалды. Мамандықты қалай таңдадың, әлде біреу көмектесті ме деп бастадым әңгімені.
“Осы жолға өзім саналы түрде келдім. Білім күн сияқты: көрінгеннің бәрін жарылқайды демекші, мектептің жаны- мұғалім. Кетігі көп дүниеге кірпіш болып қалануды ұстаздықтан бастауды жөн көрдім” — дейді жас маман. Өнеге білімді бізден бұрын жетістікке жеткендерден, бізден бұрын ғылым, білім үйренгендердің тәлімін алмау, үлгісін үйренбеу теріс болар еді. Әсіресе ел еңсесін тіктеп, болшағыңның болмысын айқындайтын тұста томаға тұйықтық таныту жараспайтын іс. Ондайды тіпті халықтың, ұлттың жауы санауға да болады. Хош, біздің кейіпкеріміз ондай тұйықтардан емес екен. Осы оқу орнына келгене көп болмаса да білекті түріп жұмысқа кіріскен сияқты. Ол жайында Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №99 орта мектеп директоры Садықбекова Ләззат Амангелдіқызы да мақұлдап тұрды.
Абылай мырза болса өзінің жұмыс орны жайында «Жайлы мектеп: мектептің “жайлы” аталуы: оқушылар мен мұғалімдерге жағдай жасалуында. Олар: Әр қабатта мұғалімдер бөлмесінің болуымен қатар, оқушыларға коворкинг, демалатын орындардың орналасуында» — дейді жас маман.
Абылайдың өлеңі өздеріңіз тыңдағандай махаббатқа тұнып-ақ тұр екен. Ойлап қалмаңыздар келіншегіне арналған екен.
Астана қаласы
BILIM AINASY
Қуантай Амантайұлы