Түркияның Жазушылар одағының хабарлауынша қырғыз жазушысы, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Д. Мехмет Доган атындағы «ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӘДЕБИЕТІ» әдеби сыйлығының 2024 жылғы лауреаты атанды.
Жыл сайын Түркия Жазушылар одағы жазушыларға, өнер зиялылары мен өкілдеріне осы сыйлықты тағайындайды. Қаңтар айы басында Одақ президенті профессор доктор Муса Казым Арыджан Д. Мехмет Доган атындағы ұйымның жанындағы секретариаттың штаб-пәтерінде хабарлады. Сыйлық – түркі әлемінің түрлі елдерінің қаламгерлері бас қосып, ортақ құндылықтарымызды сақтау жолындағы күш-жігерін мойындайтын алаң.
Түркия Жазушылар одағының президенті Сұлтан Раев шығармалары түркі халықтарын байланыстыратын көпір екенін атап өтті. Бұл мәртебелі сыйлықтың лауреаттары арасында Түркияның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, жазушылары, киногерлері, философтары, өнер қайраткерлері бар. Раев бұл сыйлықты алған алғашқы шетелдік жазушы болды.
Сұлтан Раев түркі әлеміне әдеби шығармаларымен танымал. Оның «Аптаның бесінші күні» (Haftanın Beşinci Günü, 2013) әңгімелер жинағы, «Жанжаза» (Тымархане, 2016) романы, «Күнді ұстаған бала» романы (Güneşi Tutan Çocuk, 2021) және Пусу (Pusu, 2022) атты шығармалары түрік тіліне аударылған.
Сұлтан Әкімұлының «Жанжаза», «Топан» романдары, «Меккеге қарай ұзақ жол» әфсанасы, «Көкжал» кітабы қазақ оқырмандарына да кеңінен танымал. Ол Қырғыстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстанның халық жазушысы, дүние жүзіндегі көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Мұратбек Тоқтағазин,
Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру»
газетінің бас редакторы,
ҚР Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті