Home » статьи » «Қыз бала тәрбиесі-ата-анаға сын»

«Қыз бала тәрбиесі-ата-анаға сын»

Шайхина Кулшара Тлекбергенқызы
Қалғанбаева Дана Лесбаевна
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
«Қыз бала тәрбиесі-ата-анаға сын» тақырыбында
I Аналар форумы

Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп -гимназиясында   I Аналар форумы болып өтті. Форум мақсаты: Жанұяда  ана мен қыз бала арасындағы қарым -қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге  байланысты ананың орнының ерекше екенін ұғындыру. Сонымен қатар, ұрпақ тәрбиелеуде қандай қателіктерге мән бермей жүргендігіміз туралы ой салу

Форумға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тіл жанашыры, филология ғылымдарының докторы, профессор Осман Асылы Әлиқызы арнайы қонақ ретінде шақырылып, сыр-сұхбат жүргізілді.
         

Бұл сұхбатта Асылы Осман Әлиқызы қыз бала тәрбиесінің ата-аналар үшін қаншалықты күрделі сынақ екеніне, ата-аналардың өздерінің мінез-құлқы, мәдени құндылықтары, білім деңгейі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі маңызды рөл атқаратынына ерекше тоқталды.
    
Сонымен қатар, қыз баланы дұрыс тәрбиелеу арқылы отбасының, тіпті ұлттың болашағы қалыптасады деген қорытынды жасай отырып, ұлттық дәстүрлер мен моральдық құндылықтарды жеткізді. Қыз бала тәрбиесі тек жеке отбасының ғана емес, бүкіл қоғам мен ұлттың болашағына әсер ететіні өзекті мәселе екеніне арнайы тоқталды.
         

Форумды ұйымдастырушы мектебіміздің  “Даналық мектебі” жобасының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Шайхина Кулшара Тлекбергенқызы залдағы аналардың өзекті мәселелерге өз ойларын білдіруге сыр-сұхбатқа шақырды. Аналар көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып,  ДОІЖО  Нусипова Гүлмира Құрманбайқызы ”Қыз баланың өтпелі кезеңі” тақырыбындағы психологиялық кеңесінен кейін ашыла сөйлеп, сырлы сұхбат болды. Форум барысында аналар қонаққа келген №23 емхананың  бас дәрігерінің  орынбасарының  кеңестері мен мектеп инспекторының көтерген мәселелеріне жауап алды. Форумға келген аналар қазақ қоғамындағы қадірлі қыздың ұрпақ тәрбиесіне байланысты ағынан жарылған, таңдайынан төгілген сұңқар сөздерін саналарына сіңіре отырып дән риза болды. Шөл далада суға бас қойғандай ұлтымыздың ұлы тілінің тамырына терең байлауға тағы да бір таптырмас күн болды. Форум өз мақсатына жетті.

Ананың баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз екенін және аналар-бұл балалар үшін мейірім мен махаббатқа қол жеткізудің үлгісі екеніне көз жеткізді.

Сөз соңын №152 мектеп-гимназия директоры Жакипова Арайлым Серікқызы келген қонақтарға ізгі ниетін білдіріп, ыстық ықыласымен аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*