Home » О нас » Наурыз, наурыз күні игі…

Наурыз, наурыз күні игі…

Қыдырбаева Анаргүл Шалхаровна
Алматы қаласы     Алмалы ауданы
№ 30 балабақша
 меңгеруші

Алматы қаласы,  Алмалы ауданы  №30 бөбекжай-балабақшада 10 күндік наурызнамаға сай топ тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері арасында шара өтті.

 2024 жылдан бастап  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітіліп, аталған тұжырымдама негізінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы елімізде 14 наурыздан бастап тойлана бастады. Көрісу күнінен бастау алатын мерекелік іс-шаралар 23-наурызға дейін жалғасады.
     

  «Наурызнама» онкүндігінде елдің барлық аймақтарында ұлттық киімді, өнерді насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мәдениетті, спортты, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған бағдарламалар өткізіледі:

  • 14 наурыз — Көрісу күні — Амал мерекесі. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Қазір бұл мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды.
  • 15 наурыз — Қайырымдылық күні. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз.
  • 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланып жатыр.
  • 17 наурыз — «Шаңырақ күні». Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
  • 18 наурыз — Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
  • 19 наурыз — Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
  • 20 наурыз — Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
  • 21 наурызды — Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты — жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
  • 22 наурыз — Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 1

Жоспар бойынша наурызнама кестесініне сай жоспарлы түрде  әр түрлі іс-шара өтті.Қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып,ұлттық киімнің маңыздылығын келешек ұрпаққа насихаттау, балаларға ұлыстың ұлы күні амал мерекесі туралы мағлұмат беру арқылы қазақтың салт-дәстүрінің құндылығын көрсетті. Мысалы: «Тұсаукесер»  дәстүрі- сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дастур. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте  дана қазақ” баламыз тез журіп кетсін» деген ниетпен, сабидің тұсауын кестіріп, думандатып той жасайды. Осы дәстүрдің жөн-жоралғысын толық көрсете алған тәрбиеші-тәлімгерлердің еңбегі оразан зор. Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеуге,отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеудің маңызы жайлы тың ақпарат берілді.Ерекше атсалысқан тәрбиешілердің қатарында: Масенова Айжан, Ибадуллаева Гүлсулу, Дауырбай Жұпар, Жанжигитова Ахшагүл, Молдашова Закира «Қарлығаш»ересектер тобы,Тұрысбекова Айгерім, Умирзакова Камшат бар. Тәлім-тәрбиеде мамандығына жауапкершілігі жоғары мамандарға толағай табыс тілеймін.

Біз ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйрете отырып  кемел келешекке қадам басамыз.

Тәрбие дегеніміз – педагог қалаған жақсы қасиеттерді тәрбиеленушінің бойына егу мақсатты да жүйелі түрде ықпал жасай алса ұлы іс болмақ.Ұлттық құндылықты ұлық ететін күндеріміз көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*