Аламаты қаласы Білім басқармасы
«№ 190 бөбекжай балабақшасында»
“Шынықсаң шымыр боласың!” атты спорттық сайыс өтті.
Бүгінгі сайысқа «Қарлығаш», «Сұңқар», «Қыран» топтары қатыспақ.
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй мен батылдық сыйлап, жеңіске деген жігерлерін арттыру мақсатында сайыс таңғы жаттығудан басталды. Сергіту жаттығуларын жасап, дене қыздырып алған ойыншылар сайысқа алғашқы кезеңнен-ақ белсене кірісті.
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Олар: «Мен аспазбын», «Кедергілер арасындағы тапсырма», «Кім шапшаң, картоп пісіру», «Кім мерген?», «Арқан тартыс» сайысы.
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Жарыс барысында топ мүшелері бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, ептіліктері мен спорттық шеберліктерін таныта білді.
Сайысты бағалап, төрелік айтқан әділқазылар алқасы №190 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі — Мошекенова Айман Русланқызы және
балабақша әдіскері — Нурмагамбетова Жарқынай Кайназаровна болды.
Әр кезеңнен кейін әділқазылар алқасы өз бағаларын берді.
Сайысқа қатысқан әр отбасы дипломдармен марапатталды.
№190 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айман Русланқызы: —Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! — деді.
Жоғары деңгейде өткен бұл шара көрермендерді қызық пен шаттыққа бөлеп, балалардың спортқа деген ықыласын арттырғандай. Балабақша мен отбасының ынтымағын арттырып, балаларға қуаныш сыйлаған бұл жарыс болашақта жалғасын табарына сенеміз.
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы