Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы…
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде «Дана халықтың дара перзенті» жобасы аясында Д.А.Қонаевқа арналған мектепшілік жас ақындар байқауы өтті.Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері К.Жамалова, З.Зейнолла, К.Идрисова, Ж.Бағашардың жетекшілігімен 5 «Ә» сынып оқушысы Нұрдаулет Алмира Алмасқызы,9 «ә» сынып оқушысы Бақытжан Аружан, 5 «д» сынып оқушылары Барлықбай Ержігіт, Өмірбай Илияс,5 «г»сынып оқушысы Ырысбек Еркеназ бақ сынап көрді.
Байқаудың мақсаты-талантты әрі дарынды жастарды қолдау, өскелең үрпақтың бойына Отан сүйгіштік қасиет қалыптастыру. Жас ақындардың өлең жазу қабілетімен қатар өлеңнің құрылысы, буын саны,дыбыс үндестігіне жете назар аударылды. Өлең ұйқасы,өлең шумағы бойынша Бақытжан Аружанның арнауы топ жарып тұр. «Шың басында-шырақ боп жандың»-деп жалынды жыр жазған жас ақынның талабына нұр жаусын деп тілек білдірді әділқазы алқасы, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі-Бақытәлі Айдана.
Ал, қағазға тіл бітірген-қалам демекші, қолына қалам ұстап, бойына талаппен талантты ұштастырған ақындық жолды арқалаймын деген бесінші сынып оқушыларына қайтпас қайсар мінезбен тіл майданында, сүбелі сөз тіледік.
Жұмәділқызы Жадыра
Алматы облысы тілшісі