Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге анализ жасау дағдыларын дамыту


Ибрагимова Гулжан Алтынбековна
Шымкент қаласы
№46 мектеп-лицей директоры

Аннотация
Тіл білімінің бір саласы – әдістеме туралы жазылған еңбектер. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері мен жолдары аталмыш еңбекте кеңінен қарастырылған. Сонау 20-жылдардағы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралынан» басталатын сабақ өтудің әдістері мен әдістемесі озат оқытушылардың іс-тәжірибесімен толығып келеді. Оқу құралының  маңызды ерекшелігі – оның икемділігі, тәжірибеге бағытталуы және сыртқы серіктестікке ашықтығы,  жұмыс берушілердің сұранысын, мектептегі білім беру жүйесіндегі үрдістерді, мемлекеттік тіл саясатының басымдықтарын және академиялық бастамаларды ескере отырып бейімделеді. Бұл түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мобильді және сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.Оқу құралы мектеп аясында білім алуға оқушылардың әр сабаққа белсенді түрде қатысып отыруына, пәндерді, жеке оқу траекторияларын таңдау құқығына мүмкіндік береді, ғылыми зерттеулерге, жобаларға, байқаулар мен конференцияларға қатысуға себі тиеді. Жаңа сабақтарды дайындау барысында оның құрылымының барлық компоненттеріне құрылымдық және мазмұндық талдау жүргізуге мүмкіндік беретін -ның әдістемелік нұсқаулықтары қолданылды. Өзін-өзі бағалау білім беру мақсаттары мен нәтижелерін, оқу жоспарының құрылымын, пәндердің мазмұнын, оқыту әдістерін,) және оқу ортасын қамтиды. Оқу құралы білім алушылардың қазіргі білім беру, мәдениет, ғылым және еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттерін қалыптастырады. Академиялық сауаттылықты, сыни ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдылар мен цифрлық құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *