Еңбек ету – адамның денсаулығына қолайлы ықпал ететін және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін қызметтің бір түрі болып табылады. Бірақ, жұмыстың кейбір түрлері, Кәсіби аурулар — нақты бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінің салдарынан пайда болатын ауру. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитариялық- гигиеналық қағидалардың дұрыс орындалмауынан, шу, діріл әсерінен, еңбек және демалыс тәртібінің, бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік кағидаларын сақтамауынан пайда болады. Мысалы, шаң- тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Кәсіби аурулар жедел жане созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел кәсіби ауру — бұл әдетте қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс күнінен, бір жұмыс ауысымынан аспайтын) әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру. Созылмалы кәсіби ауру — қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 мин), техникалық іс-шараларды іске асыру — кәсіби аурулардың санын азайтуға мүмкіндік беретін шаралар. Кәсіби аурулардың алдын алуда жеке қорғаныш құралдарын пайдалану маңызды орын алады. Жеке қорғаныш кұралдарына мыналар жатады: арнайы киім, аяқ киім, көзілдірік, құлаққап, қорғаныш қолғаптары, респираторлар және газтұмшалар. Кәсіби аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық қарап-тексерулердің, маңызы зор. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен белгіленген. Медициналық, қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша әрбір жұмысшының денсаулық жай-күйіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық, және санаторийлік-курорттық емдеу, профилактикалық емдеу, тамақтану, динамикалық бақылау тағайындалады.
Әуезов ауданы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Солтанаев Санжар Султанулы.