Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Толқынбеков Мақсат Мырзабекович
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы: Сариева Умит Сериковна
«Су арқылы берілетін жедел ішек жұқпаларының алдын алу»
Су көздеріне уақытылы тазалау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмесе, жұқпалы аурулардың таралуының басты факторының бірі болып табылады. Су көздері арқылы берілетін аурулар көп, оларды бірнеше топтарға бөлуге болады: А және Б паратифтер, дезинтерия, әртүрлі энтериттер мен энтероколиттер жатады. Паратифтің А түрінде жасырын кезеңі 8-10 күн шамасында өтеді. Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызырып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Қалтырап қозудың соңы тоңыуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. В паратифі кезінде жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Кейбір жағдайларда В паратиф дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Дезентерия барлық жас топтар қабылдауға бейім инфекция, бірақ балалар жиі ауырады. Осыған байланысты, ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер болуы анықталып жатады. Олардың болуы сумен қамтамасыз ету жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсіптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді. Сол себепті, сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймағында зираттарды, мал өлкесін көметін орындарды, сүзілу өрісі, көң қоймалар, мал шаруашылығы және құс өсіретін шаруашылық субъектілері және жер асты суларының микробтық, химиялық ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға, тыңайтқыш және улы химикаттарды қолдануға және т.б. объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Су көздерінен жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында үнемі зертханалық сынамалар алу арқылы тексерулер жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, жыл сайын 2 рет су жүйелеріне, оның ішінде ұңғымалар және тораптарына тазалау, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Осы орайда, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша тоқсан сайын ауыз суға мониторинг жасау барысында шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық туралы жасалынған меморандум аясында микробиологиялық және санитарлық-химиялық, радиологиялық зерттеулерге cу сынамалары алынуда.
Аудандағы халыққа берілетін ауыз судың сапасын бақылау бойынша 2024 жылдың мониторинг жоспарына сәйкес 27 нүкте қарастырылған. Оның ішінде 2 бақылау нүктесінен Шаңырақ 2 ықшам ауданындағы БАҚ қиылысында орналасқан және Алмерек Абызбен Сапиев көшелерінің қиылысында өздігінен ағып тұрған ұңғымалардан және 11 шаруашылық-ауыз сумен қамтамассыз ететін ұнғымадан және Алматы қаласы Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының нүктелерінің құбыр суыннан 14 су сынамасы (микробиологиялық-184/0, санитариялық-химиялық-184/0, ЖТЗЗ-184/0, радиологиялық – 13/0 көрсеткіштерге ауыз су сынамалары алынды.
Бақылаудағы нүктелерден зертханалық тексеруге алынған су сынамалары санитариялық талапқа сәйкес. Соңғы жылдары су көздерінен жұқпалы аурулардың таралуы тіркелмеді. Өткізілген іс шаралардың және сапалы жүргізілуі үлкен маңыздылыққа ие болып отыр.
Тұрғындарға келесі жағдайларды ескертуді жөн көрдік:
— қайнатылған ауыз суды пайдалану немесе бөтелкедегі суды ішу;
— Арық, канал су көздерін ауыз су ретінде пайдалануға жол бермеу;
— Қайнамаған судан дайындалған мұзды пайдаланбау;
— ашық су көздеріне шомылғанда сақтық шараларын жасау;
— кез келген ашық су көздеріне шомылмау
— арнайы рұқсат етілген жерлерде шомылуға кеңес береді.