Home » Детский сад » Балабақша – болашақтың баспалдағы

Балабақша – болашақтың баспалдағы


Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК

Тажиева Назира Абеновна 

Балабақша – болашақтың баспалдағы

Халқымыз ежелден – ақ бала тәрбиесіне басты назар аударған. Сол арқылы тәлім мен тәрбиенің озық үлгісін көрсеткен.Ұрпағының салиқалы болуына көп септігін тигізі білген. Балаға тәлім-тәрбие беру туғанынан, тіпті құрсақта пайда болғанынан басталуы тиіс дейді ғалымдар. Расымен де нәресте көтеріп жүрген ана тәрбиелі жинақы жүрсе, дұрыс сөйлеп, дұрыс ойлап, салауатты өмір салтын ұстанып өтсе, құрсақтағы сәбиіне оның барынша оң ықпалы болары анық. Әлемде қазақ ұлты ең тәрбиелі ұлттардың алдыңғы тізімінде деп ойлаймыз. Балабақша ұғымы кең түсінік. Ата-бабамыз өз ұрпағына яғни біздерге қандай керемет тәлім-тәрбие, өнеге-мұра қалдырған десеңізші. Оның дәлелі әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз, діліміз-дініміз. Қазіргі біздің тіліміздегі балабақша орнын сол замандарда басқа да әлеуметтік институттар алмастырғаны белгілі. Атап айталық, мәселен ата-әже институты, медіресе мектебі, имандылық, инабаттылық ұйытатын дәстүрлі дініміз, салт-дәстүрлеріміз сияқты әлеуметтік институттардан бала аттап өте алмайды.

Балабақша — баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Ұстаз — киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін — ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Жас шамасы бір жарым жастан бес жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады. Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір-біріне көмектеседі. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметінде қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т.б. дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз. Жақсы қолдау сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады, әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырыпжандандыратыны сөзсіз.

Ұлттық тәрбиеде балабақша өзінің маңызды рөлін жоғалпауы тиіс. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­ Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.Балабақша — барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын — балабақша. Бала тәрбиелеу — біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты. Еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне жауапкершілік маңызды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*