Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.
Қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан.
Атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал ақын, педагог, ҚР ақпарат саласының үздігі Саят Қамшыгердің «Тәрбие баспалдақтары» атты рухани кеші № 152 мектеп-гимназиясында өтті.
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кештің басы қазағымның күмбірлеген күйімен басталды.
Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.
Қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан.
Атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал ақын, педагог, ҚР ақпарат саласының үздігі Саят Қамшыгер «Тәрбие баспалдақтары» атты кешіміздің қонағы болды.
Ән-сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана – сезіміңді баурап алып жеткізе алатын құдіретті қасиетке ие. Ақындарымыздың ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.
Поэзия -мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржан, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние».
Кездесуге Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Медербекқызы келіп , арнайы ыстық ықыласын білдірсе, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жазушы Самал Зікірияқызы өзінің жыр шумақтарынан шашу шашты. Кеш соңында мектеп директоры Арайлым Серікқызы келген қонақтар мен ата-аналарға ризашылығын білдірді.
Ақын жүрегінен шыққан жыр шумақтары мен бала тәрбиесі туралы айтқан салиқалы ойлары көрермендерді баурап алды. Кештің соңы әсем ән мен мың бұрала билеген мектеп қызғалдақтарының биімен жалғасты. Келген ата-аналар бала тәрбиесі жолында сұрақтар қойып, ақынмен ой бөлісті.
Технология пәнінің мұғалімі:
Машаева Зинур Бабашевна
Болатова Райкуль Кабыловна