Home » статьи » Биологиялық белсенді қоспалар туралы не білеміз?

Биологиялық белсенді қоспалар туралы не білеміз?

Қазір денсаулық пен тамақтану құрылымы арасындағы байланысқа  назар аударылуда. Бұл мәселені шешуге соңғы жылдары біздің өмірімізге сенімді түрде енген және танымал бола бастаған биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) көмектеседі. Олардың ассортименті күн сайын өсіп келеді.

Биологиялық белсенді қоспалар- бұл қоректік кемшіліктерді жоюға немесе белгілі бір физиологиялық функцияларды сақтауға арналған қоректік заттардың, дәрумендердің, минералдардың, амин қышқылдарының,  май қышқылдарының, талшықтардың және басқа компоненттердің кең спектрі болып табылады.
Биологиялық белсенді қоспалар ұғымына нақты анықтама береді: бұл тұрақты тұтыну арқылы денсаулықты жақсартатын, құрамында адамның рационың байыту үшін табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен бірдей заттардың компоненттері бар тағамдарға арналған қоспалар. Биологиялық белсенді қоспалар денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолданылады, бірақ олар дәрі емес және емдік қасиеттері жоқ. Интернет көздерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы жиі кездеседі, бірақ егер қаптамасында дұрыс емес немесе толық емес ақпарат болса, ол адамдарды жаңылыстыруы мүмкін.
Биологиялық белсенді қоспаларды жарнама арқылы сатып алған жағдайда, келесі жағдайларға назар аударылуы қажет:
— сауда атауының болуы;
— атауы;
— өндірушінің және Қазақстан Республикасында өндірушінің шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның мекен-жайы;
— құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;
— қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстар;
— қолдану тәсілі және дозалары,
— негізгі жанама әсерлер мен қарсы көрсеткіштер;
-жүкті әйелдердің,сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;
— өнімді босату шарттары.
Бұдан басқа, міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні көрсетіледі, ол өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетінін, биологиялық белсенді қоспа болып табылатынын және қажетті қасиеттерге ие екенін көрсетеді.
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес биологиялық белсенді қоспалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Бұл туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми парақшасында www.eurasiancommission.org. мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде орналастырылған.
Әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін ұмытпайық. Кез келген биологиялық белсенді қоспаларды өз бетінше пайдалануға болмайтындығы жөнінде кеңес береміз.

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Толқынбеков  М.М.
Алатау ауданының санитариялық-гигиеналық  бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Досетова А.К.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*