Home » Новости » Берекелі, мерекелі алтын күз!

Берекелі, мерекелі алтын күз!

Алматы қаласы, Әуезов ауданы №158 бөбекжай-балабақшасырда «Берекелі, мерекелі алтын күз!» атты күз мерекесі өтті.

    

Күз мерекесіне “Бүлдіршін”, “Балауса” және “Балдәурен” топтары қатысты.
Іс-шарада балалар өлең жолдарын нақышына келтіріп орындап, күзге қатысты ән айтты, күзгі вальс пен би биледі және сахналанған көрініс те қойды.

Аталмыш шараны бүлдіршіндердің өзі де асыға күткені көрініп тұр. Балабақша іші түрлі-түсті жапырақтармен безендіріліп, жылдың осы керемет уақытының қайталанбас атмосферасы көрініс тапты. Күздің сұлулығын “күзгі көрме” одан сайын арттыра түскендей. Сондай-ақ күзгі киім сән үлгісі де көрсетілді. Ата-аналар мен балалардың бірлесе жасаған жұмыстары көздің жауын алады. Бір-бірінен өткен сұлу да сымбатты бүлдіршіндер кешті жандандыра түсті.

 

Күз мерекесін нақышына келтіріп, есте қалатындай етіп өткізуге ат салысқан педагогтар — Ахметова Гулзина Мырзабайқызы,
Дарибаева Индира Шаймерденқызы, Байтленова Аида Серікқызы, Бектұрған Ботакөз Бауыржанқызы, Қалдыбаева Ақмарал Жолдасбекқызының еңбегі зор. Мерекені әсем де әуезді әндерімен әрлеген музыка жетекшісі Әсел Тоқтарбайқызына шығармашылық табыс тілейміз.
Балабақша балаларының ертеңгіліктер, байқаулар, тәрбие сағаттарын өткізуге әбден төселгені көрініп-ақ тұр..
Балабақша меңгерушісі Гауhaр Ергешбайқызының айтуынша, мұндай шараларды өткізуден тәрбиешілер де еш жалыққан емес. Балабақшаның әдіскері Шепетова Гулия Мұсақызы оларға
бағыт-бағдар көрсетіп, үнемі ізденіс үстінде жүретінін байқадық. Алматыдағы №158 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі және өзге де қызметкерлерінің еңбегі елеуге тұрарлық екенін пайымдаймыз.

    

Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің кезі. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Күздің байлығы — бау-бақшамызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған бастары. Дастарқанымыз молшылыққа , ет пен майға толы кезең. Күз мезгілі әсерлі мерекелерімен,
қоңыр — салқын ауасымен, қыңыр мінезімен, алтын кілем төсеп қойғандай біздің есімізде түрлі оқиғалар арқылы қалатыны рас. Бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін есінде әдемі етіп сақтауы керек. Күз – сиқырлы, күз — сұлу…
Әр үйдің дастарханы әнге, қоймасы дәнге толы болсын!

 

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

One comment

  1. Гулжайна

    Кушти қандай апайлары да балапандар да мықты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*