Home » Новости » «Махамбет Өтемісұлы және қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресі: тарихи сабақтастық»

«Махамбет Өтемісұлы және қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресі: тарихи сабақтастық»

Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектебінде»
біртұтас тәрбие бағдарламасының Ұлттық мүдделерді насихаттау негізінде құндылықты жүзеге асыру мақсатында
«Махамбет Өтемісұлы және қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресі: тарихи сабақтастық» атты қалалық семинар өтті.

Семинарға қала мектептерінің директорлары мен ұстаздары қатысты.

Мектеп ішіне кіргеннен бастап оркестр әуезді әуен ойнап, өзгеше атмосфера сезілді. Бұл семинарды бірнеше бөлімдерге бөліп қарастырсақ болады.

Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ұлттың қорғаны – бұл біздің ұлттық болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз және рухани мұрамыз.
Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз.  Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? – деп алаңдауымыз керек. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Сол қазыналардың ішінде ұлттық ойындарымыз — ләңгі, тоғызқұмалақ, садақ ату бар.
Семинар барысында садақ ату туралы ой қозғалып, садақ атудың пайдасын түсіндірілді. Қонаққа келген ұстаздар садақ атып, бойында ұлттық рухтары тулап, бір сәт өздерін басқа әлемде жүргендей сезінді.

Семинардың екінші бөлімі яғни әдеби кезеңіне ойысайын. Бұл әдеби кеш мектептің акт залымен шектеліп қалмау керек. Осы сөзден-ақ кештің жоғары деңгейде, “жоқ, өте жоғары” деңгейде өткенін байқаған шығарсыздар.
Әдеби кеш барысында Махамбет батырдың өлеңдері оқылып, көріністер қойылды.
Сонымен қатар, ұлт болашағы жолында біріккен алаш тұлғалары туралы моноспектакль сахналанды.
Қазақ жастарын жауратқан
1986 жылдың желтоқсаны да моноспектакль болып сахналанды. Көрермендерді бір сәтке өткен күнге алып кеткен бұл көріністер көзге жас үйіріп, залды дүр сілкіндірді. Көрерменнің ыстық ықыласын қандай сөзбен сипаттасақ та аздық етерліктей.
«Ерлік пен жырдың үндестігі: Махамбет Өтемісұлына 220 жыл» әдеби кездесудің мақсаты: Ақынның әдеби және рухани мұрасын кеңінен насихаттау; Махамбет Өтемісұлының шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу; Тарихи жадыны жаңғырту және жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кеш ұйымдастырушылары өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

Кеш соңында қатысушы қонақтар ізгі ниеттері мен лебіздерін жеткізуге асық болды. Барлығы дерлік мектеп директоры мен ұжымына “бәрекелді” деуден басқа айтарымыз жоқ деп жатты.

Иә, бұл кеш көптің көкейінде сақталып, қонақтар біразға дейін әңгімелеп жүрері анық. Кештің өтуіне ұйытқы болған білікті басшы, шығармашыл тұлға Нургалиева Айжан Сатыбалдиновна мен ұжымына ел-жұрттың сыйына бөлене беріңіздер дейміз. Сіздердің
білім сапасының артуына өз үлесін қосып, тұғырларыңыздан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретіндеріңізге сеніміміз мол.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*