Кусаинов Болат Амирханович
Астана қаласы әкімдігінің
«Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназия»
ШЖҚ МКК география пәнінің мұғалімі
Анотация
Мақалада география сабағында Қазақстан –бәсекелестікке қабілетті елу ел қатары жолында атты авторлық бағдарламасы арқылы оқушыладың сабаққа деген бәсекелестік қабілеттерін дамыту, жетілдіру оқушылардың география сабағына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
География сабақтарында оқушыларды сапалы дайындау мен жоғары мотивацияны қамтамасыз ету мақсатында оқушылар интерактивті тапсырмалар арқылы мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығын, халықаралық аренадағы инновациялық технологиялар туралы айтылады.
Кіріспе. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Бәсеке бар жерде сапа болады, сондықтан да сабақ барысында бәсекелестік болса білім сапасы артады. бола Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында мемлекет көптеген статегиялық бастамалар мен бағдарламалар қабылдауда. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мақсаттарын белгілейді. Стратегияда білім, инновация, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту ерекше назарда. Осы бағыттарда жүргізіліп жатқан реформалар мен бағдарламалар мемлекетіміздің инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама цифрлық технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен экономиканы цифрландыруды көздейді. Қазақстанда білім беру жүйесін реформалау бәсекелестік қабілеттілік үшін маңызды. Білім беру сапасын арттыру, кәсіби даярлықты жаңарту және халықаралық стандарттарға сай оқу жүйесін енгізу – бұл саладағы негізгі бағыттар. Соңғы жылдары Қазақстан білім беруде халықаралық бағдарламаларды, мысалға, БОЛАШАҚ бағдарламасын енгізу арқылы шетелде білім алуға мүмкіндіктер беруде. Бұл өз кезегінде Қазақстанның интеллектуалдық капиталының артуына әсерін тигізеді
Күтілетін нәтиже
-Оқушылар инновациялық технологиялар арқылы бәсекелестік қабілеттерін , интеллектуалдық дағдыларын жетілдіреді
-топтық және жұптық жұмыстар барысында диалог құрып, өз ойларын еркін жеткізе біледі
- Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу; -теориялық алған білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
- оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықты
арттыру
-географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру;
- География сабағына деген қызығушылығы арттырып, цифрлік технологияларлы үйренуге ынталанауына ықпал етеді.
Әдістемелік іс- тәжірибе: Сабақта бәсекелестік қабілетін дамытуға арналған инновациялық технологияларды қолдану, тыңдалған ақпаратты сәйкестендіру сияқты қарапайым ойын тәсілдерді жиі қолданғанда оң нәтиже береді. Айталық, «Жасырын сөзді тап»ойынын алсақ, мұғалім бір сөзді сыбырлап айтады, ал оқушылар ол сөзді естіп, дұрыс қайталап айтуы керек. Бұл тапсырма олардың тыңдау қабілетін және назарын шоғырландыруды дамытады. «Тыңда да, сурет сал»әдісін қолданғанда, суреттер арқылы жаңа сөздерді тыңдап, сөздік қорын толықтырады тыңдалымды дамытуға зор көмегін тигізеді. Айтылым дағдысына «Жасырын сипаттама» ойынын алуға болады. Оқушылар бір затты сипаттайды, ал сыныптастары сол затты табуы керек. Бұл ойын айтылымды жетілдіріп, сөздік қорды байытады. Сол сияқты «Сөздер эстафетасы», «Сөздер пирамидасы» ойындары сөздерді дұрыс айтуға және есте сақтауға көмектеседі. Бұл тапсырма айтылым мен сөздік қорды жақсартады.
Ұсынымдар: Күнделікті сабақ тақырыбына сай тақырыптық ойындар арқылы, инновациялық технологиялар айтылымды дамыту мақсатында мұғалім таңдап ұсынылған тапсырмаларды оқушылар орындағанда тақырыптық ойындар арқылы интеллектуалдық дағдыларын жетілдіруге, сөйлеудің анықтылығын және сауаттылығын арттыруға бағытталуы керек. Мысалы, «Мәтіннен негізгі идеяларды бөліп алу» тәсілін алсақ, Оқушыларға мәтін тыңдатылып, олар топта мәтіннен ең маңызды ақпаратты бөліп алады. Кейін топтар өз бөліп алған ақпараттарын басқа топтарға түсіндіреді. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым мен талдау дағдыларын жақсартады.
Айтылымды жақсарту үшін шығармашылықты дамыту керек. Оқушылар тақырыптық ойындар арқылы өз ойларын ашық әрі еркін жеткізуге дағдыланады. Айтылымда сөздік қорды кеңейтуге жұптық жұмыстар ұйымдастырылуы маңызды. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша ойындар арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді және қолданады. «Жұппен пікір алмасу» тәсілінде оқушылар жұптарға бөлініп, оларға бір тақырып беріледі (мысалы, «Менің ең сүйікті уақытым»). Бірінші оқушы осы тақырып бойынша 2 минут сөйледі, екінші оқушы оны тыңдап, қысқаша қорытынды жасайды және өз пікірін айтады. Содан соң олар рөлдерді ауыстырады. Бұл тапсырма тыңдалым мен айтылым дағдыларын жұптық жұмыстар арқылы шығармашылықты дамытуға бағытталған.
Қорытынды. География сабағында инновациялық технологиялар , арқылы оқу дағдыларын дамытуда қолданған әдіс- тәсілдер білім сапасының жақсы жетістіктерін көрсетеді. Себебі оқушылар тыңдалым мен айтылым дағдыларымен оқу материалын меңгере отырып, топтық, жұптық жұмыстар барысында бәсекелестік қабілеттерін , интеллектуалдық дағдыларын дамытып, географияға деген қызығушылығын арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 226 б. (www.nao.kz)
- Агеева Р.А. Страны и народы: происхождение названий. М.: Наука,1990.
- Букетова Е.А. Эффективность развития черной металлургии как одной из ключевых отраслей отчественной экономики. 2008.
- Ә. Бейсенова., К. Каймулдинова., Қ. Баймырзаев., Ж. Достай. География Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2014
- Вольский В.В. Социально-экономическая география зарубежного мира. М.: КРОН-ПРЕСС, 1998.
- Лаврован С.Б., Каледина Н.В. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. М: Гардарики, 2002.
- Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С. Б. География мирового хозяйства. Учебное пособие для студентов. — М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.
- . Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. / Под ред. Л.П. Куракова. — М.: Гелиос АРВ, 2001. — 336 с.
- Гугл. Яндекс интернет көздері