Алматы қаласы, Түрксіб ауданы КМҚК «№131 бөбекжай-балабақшасында»
“Тәрбиенің қайнар көзі” тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға Түрксіб ауданына қарасты балабақшалардың педагогтары мен тәрбиешілері қатысты.
Семинар балабақша меңгерушісі Амангелді Ботакөз ханымның алғы сөзімен басталды.
Бұл семинарда қазақ тілі мұғалімі ортаңғы “Бәйтерек” тобымен іс-тәжірбие өткізді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен бересін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. Дәл осы Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында
№131 бөбекжай-балабақшасында “Әжелер мектебінің” негізі қаланған екен. Семинарға ақ жаулықты әжеміз келді. Әженің отбасындағы алатын орнын дәріптеу, үлкенге құрмет көрсету, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымызды сақтауда ата мен әженің ұрпақ тәрбиесіне қосатын үлесін насихаттау мақсатында өткен іс-шара балалар үшін өте маңызды болды. Тәрбиеленушілер жүн түту, ұршық иіру, ою ою, кесте тігуді үйренді. Әжелеріміз ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды, балалар өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық тәрбиенің дәнін себуші әжелеріміз балабақша ұжымына, ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.
Қазақ тілі мұғалімі Сусымбаева Алия Болатовна, “Шыр ұлттық ойынын”, тәрбиешілер Миргалеева Зарема Равильевна және Заитова Гульмира
“Ұлттық нақыш ойынын” қонақтарға таныстырды.
Бұл семинардың артықшылықтарының бірі-балабақша ұжымының жасанды интеллектті тиімді пайдалануында болды. Балалар ақ парақтардағы суреттерді бояп, Quiver платформасы арқылы кейіпкерлердің қозғалғанын, сөйлегенін, ойын ойнағанын көре алады екен. Балабақша ұжымының жасанды интеллектті пайдалануына зор үлесін қосқан әдіскер Балнұр Қалиқызы мен оператор-қызметкер Акаш Ақерке.
№131 бөбекжай-балабақшасында өткен семинардың қатысушылары білім қоржындарын толықтырып қайтқаны анық.
Ұлттық болмысымызды тереңдеп талдайтын, ұлттық дамуымыздың ертеңгі бағыттарын біліктілікпен сараптама жасайтын балабақша меңгерушісі Амангелді Ботакөз ханымның еңбегіне жеміс тілейміз.
Балабақша ұжымының семинарлар мен іс-шаралар өткізуге төселгені көрініп-ақ тұр. Бұл әдіскер Балнұр Қалиқызының еңбексүйгіштігің жемісі.Біздің қоғам алдындағы міндетіміз – ұлттық мінезін жоғалтпаған, рухы өр, кісілік қасиеті көп көретін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеп, әлсіздікке бой алдырмау, келешекке кемелді мұра қалдыру. Ал ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау – сол ұрпақтың міндеті.
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы