Жетісу ауданында жаңа комьюнити орталығының ашылуына байланысты қоғамдық тыңдалым өтті
Алматы қаласы Жетісу ауданында жаңа комьюнити орталығының ашылуына орай қоғамдық тыңдалым ұйымдастырылды. Жиын барысында орталықтың қызметі, алдағы жоспарлары таныстырылып, жергілікті қауымдастықтың дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Қоғамдық тыңдалымға аудан тұрғындары, білім беру мекемелерінің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында жастарды қолдау, жергілікті бастамаларды дамыту және қоғамдық ынтымақтастықты арттыру мәселелері көтерілді.
Қатысушылар жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, өз ұсыныстарын білдірді. Бұл орталық жергілікті тұрғындардың, әсіресе жастардың, белсенділігін арттырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналмақ.