Қызылша — бұл ауа — тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болғанда беріледі.
Қызылша-адамның ең жұқпалы инфекцияларының бірі, өйткені инфекция көзімен байланысқаннан кейін адамдардың 90% — дан астамы ауырады.
Қызылшаның негізгі белгілері: жоғары температура, әлсіздік, жөтел, мұрыннан су ағы, ауыз қуысының шырышты қабығындағы ақ дақтар, қызыл түсті үлкен дақ түріндегі бөртпелер, сондай — ақ лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Қызылша ауруы жұқпалы болуымен жәнеинфекциямен ауырғаннан кейінгі асқынулармен қауіпті. Аурудың ауыр ағымында ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтың, сондай — ақ мидың қабынуы сияқты асқынулар дамиды. Кез -келген қабыну мен асқынудан науқас өлуі мүмкін.
Қызылшамен ауырған адамдардың шамамен 30%-да бір немесе бірнеше асқынулар болады. Көбінесе асқынулар бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде дамиды.
Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит (мидың ісінуіне әкелетін инфекция), ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы (отит) және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының инфекциялары жатады.
Инфекциямен күресудің ең күшті, қол жетімді және тиімді әдісі — вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқы егуді 1 жасында (12-15 айда), екінші егуді (ревакцинация) — 6 жаста алады. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация қызылшаға қарсы егу алғаны жөніндегі сенімді мәліметтері жоқ қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болғандар адамдардың барлығына қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылдан астам уақытқа созылатын сенімді иммунитетті қалыптастырады.
Вакцинация жүргізу үшін ДДСҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы вакцина қолданылады.
Жоспарлы вакцинация тұрғылықты жері бойынша (немесе ТХТ бойынша) емханалардың барлық егу кабинеттеріндевакцинация жүргізуге рұқсаты бар оқытылған (тәжірибелі) медицина қызметкерлерімен жүргізіледі.
Сондай — ақ, емханаларда қызылшаға қарсы бұрын әртүрлі себептермен вакцина алмаған балаларды толықтыра иммундау жүргізіледі. Сондықтан ата-аналар емханаға барып, балаларына қызылшаға қарсы екпені салғыза алады.
Аурудың кез келген белгілері пайда болған кезде қарапайым сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
— науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі мекемелер, мектептер) апармау, ересектерге жұмыс орнына бармау, адамдар көп жиналатын орындарда жүрмеу, дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру;
— дәрігер келгенге дейін туыстармен байланысты барынша азайту;
— жөтелгенде және түшкіргенде, орамалмен немесе майлықпен аузыңыз бен мұрныңызды жауып, қолыңызды сабынмен және сумен жиі жуыңыз немесе қолыңызды тазарту үшін құрамында алкоголь бар заттарды қолданыңыз;
— тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану, бір реттік маска кию;
— вакцина алмаған адамдарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге қызылшамен сырқаттанушылықтың тіркелу кезеңінде адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары қызылшаны жұқтырудың, сондай-ақ олардың асқынуларын алдын алатын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация екенін еске салады.
Ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс!
Спикер: ДСЭК города Алматы — Касымхан Алпысбайұлы
Корь — это острое инфекционное вирусное заболевание, которое относится к группе воздушно-капельных инфекций. Заболевание передается от человека к человеку по воздуху, с капельками выделений из дыхательных путей или при непосредственном контакте с выделениями из носа или горла инфицированных людей.
Корь одна из наиболее контагиозных инфекций человека, так как после контакта с источником инфекции заболевает более 90% людей.
Основные признаки кори: высокая температура, слабость, кашель, насморк, белые пятна на слизистой полости рта, сыпь в виде крупных сливающихся пятен красного цвета (появляется поэтапно), а также увеличение подчелюстных лимфатических узлов.
Корь опасна своей заразностью и возможными осложнениями после заражения корью. При тяжелом течении болезни развиваются осложнения, как воспаление среднего уха, легких, трахеи, бронхов, а также воспаление мозга. От любого воспаления и осложнения больной может умереть.
Приблизительно у 30% заболевших корью наблюдаются одно или несколько осложнений. Чаще всего осложнения развиваются у детей в возрасте до пяти лет или у взрослых людей старше 30 лет.
Самые серьезные осложнения включают слепоту, энцефалит (инфекцию, приводящую к отеку головного мозга), тяжелую диарею и связанную с ней дегидратацию, ушные инфекции (отит) и тяжелые инфекции дыхательных путей, такие как пневмония.
Наиболее доступным и эффективным методомпрофилактики с инфекцией является вакцинация. В соответствии с Национальным календарем профилактических прививок плановая вакцинация против кори проводится 2-х кратно, первая — в возрасте 1 года (12-15 месяцев), вторая — в 6 лет,что позволяет выработать поствакцинальный иммунитет. Каждая получаемая доза вакцины против кори укрепляет иммунитет ребёнка.
По эпидемическим показаниям вакцинация необходима всем контактировавшим с больным корью, у которых нет достоверных сведений о сделанной коревой прививке или перенесенной в прошлом кори. Вакцины против кори создают надежный иммунитет, сохраняющийся более 20 лет.
Для проведения прививок используется комбинированная вакцина против кори, краснухи, эпидемического паротита, сертифицированная ВОЗ и разрешенная Министерством здравоохранения Республики Казахстан.
Плановая вакцинация проводиться во всех прививочных кабинетах поликлиник по месту жительства (или прикрепления по РПН), обученными (опытными) медработниками, имеющих допуск к проведению прививок.
В поликлиниках так же проводится навёрстывающая иммунизация детей, ранее не вакцинированных против кори по различным причинам. Поэтому родители могут обратится в поликлинику и допривить ребенка против кори.
При появлении любых симптомов заболевания рекомендуется соблюдать простые меры предосторожности:
— не водить больных детей в организованные коллективы (ДДУ, школы), взрослым не ходить на работу, не посещать места скопления людей, не приглашать гостей, а вызвать врача на дом по телефону;
— до прихода врача свести контакты с родственниками до минимума;
— при кашле и чихании прикрывать рот и нос, используя носовой платок или салфетку, чаще мыть руки водой с мылом или использовать спиртосодержащие средства для очистки рук;
— использовать средства защиты органов дыхания, носить одноразовую маску;
— не привитым лицам,особенно детям и беременным в период регистрации заболеваемости корью рекомендуется не посещать места скопления людей.
Специалисты санитарно-эпидемиологической службы напоминают, что единственным эффективным средством, предупреждающим заражение корью, а также от их осложнений является только вакцинация.
Болезнь лучше предупредить, чем ее лечить!
Спикер: ДСЭК города Алматы — Касымхан Алпысбайұлы