Home » статьи » Функционалдық сауаттылықтын бастауы

Функционалдық сауаттылықтын бастауы


Казанбаева Жанна Жамантаевна
 Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасы
«Жітіқара ауданының білім бөлімі
Естай Есжанов атындағы № 9
жалпы білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

 

Эпиграф
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса… білім де сондай керек.

Функционалдық сауаттылықтын бастауы
«Функционалдық сауаттылық» ұғым  алғаш рет өткен ғасырдың  60- жылдарының аяғында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін зерттеушілер арасында қолданысқа енді.

Функционалдық сауаттылық негізі бастауыш мектепте қаланады,мұнда сөйлеу түрлері жазу мен оқу,сөйлеу және тыңдау бойынша қарқынды оқыту жүзеге асырылады. Қазіргі қарқынды өзгеретін әлемде мұғалім оқушыны ағымды ақпаратта адасып кетпеу үшін, оны ойлау тәсілдерін үйрету керек.

Баланың өмірінің әрбір күні туғаннан бастап  қымбат, одан да мектептегі бірінші жылдарында уақытты жіберіп алмау керек. Сондықтан әрбір мұғалім осыны ескере отырып қосымша әдістемелік материалдарды құрастырады. Мен 1 сынып үшін  «Оқы, ойна, ойла» атты таңдау курсының оқу-эдістемелік жинағын  құрастырдым.Бұл жинақ  әліппеге қосымша жұмыстар болып табылады.

Әліппе және әрі қарай Ана тілі сабақтарында балаларға кітапқа деген қызығушылығын, оқуға деген сүйіспеншілігін дамытып, өмірге және одан әрі өмір бойы білім алуға пайдалы іскерлік  пен дағдыны қалыптастыру үшін сабақтарда шығармашылық қызықты  тапсырмаларды пайдалану қажет.

Әр баланың сөз сөйлей білу, сөзді түсіну, әр қырынан қарастыру қабілеттерді дамыту қажет.( лексика, фонетикалық, сөзтуындау, морфологиялық, синтаксис) Тілдің заңдылықтарын практикалық  жүзінде түсінуге, интеллектуалдық іздениспен айналасуға  мүмкіндік беру.

Құрастырылған тапсырмалар функционалдық сауаттылығын дамытуға,ойлауын, зейінін,есте сақтауын, оқу нәтижесіне қызығушылығын арттыруға ,сөздік қорын байытуға, балалардың танымдық белсенділігін дамытуға, тілдік бақылау мен зерттеу, жалпылау мен қорытынды жасауға ықпал ету, орфографиялық қабілеттерді  дамыту, дербестігін дамытуға бағытталған болу керек.  Сонымен қатар оқудағы бастамашылдық , кітап оқуға және тілге қызығушылықты қалыптастырады.

Өкінішке орай, мұғалімнің қанща тырысқанына қарамастан, сыныпта оқу қабілеті нашар оқушылар тобы кездеседі. Олар үшін жеке түрлі себебтерге байланысты  кітап оқу өте ауыр жүк болады. Кейін оқығысы келмей қалып,  оқудан үлгермейді. Бұған жол бермеу үшін үш топқа бөлінген арнайы жаттығуларды орындау керек:

  • Визуалды қабылдау
  • Айтылу
  • Оқығаның түсіну

Жұмыс әрқашан оқушылардың дұрыс отыру үйретуден басталады. Сабақ барысында барлық  бұлшық еттердің кернеуін жеңілдету арқылы демалту релаксация жасау қажет.

Бірінші  тобы визуалды қабылдау жаттығулар дұрыс , тез оқуды дамытуға арналған. Ол үшін әліппе кезенінен әріптер, буындар сөздер жақсы материал болып табылады. Мысалы: «Қандай әріп, буын немесе сөз артық?», «Сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Т ерис сөздерді оқы»тағы басқа.

Екінші тобы айтылуын жақсартуға бағытталған. Мұнда дикция мен тыныс алумен жұмыс істеу керек. Дикция жаттығуларына артикуляциялық жаттығулары, яғни тіл ұстарту , дауысты және дауыссыз дыбыстарды жаттықтыру, жаттықтырылған дыбысты дауысты дыбыспен біріктіруге арналған жаттығулар, жанылтпаштар,артикуляция бойынша дыбысты тану.

Мысалы: Артикуляциялық гимнастика: АААААА оқушылар терең тыныс алып тыныс шығарғанда а дыбысты қанша рет жазылды сонша айтады.Кез келген дауысты дыбыспен жасауға болады.
Үшінші топ оқушылар оқығаның түсіну қажет. Мысалы: «Ортақ атауын аты», Сөздерді топтарға бөл. Кейін мәтіндермен жұмыс жасайды.
Жартылай көрінетін мәтінді оқиды,сұрақтарға жауап ереді тағы басқа көптеген қызықты тапсырмаларды орындайды.
Сонымен 6-7 жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында ең бастысы- балаларды кішкентай болса да , өз бетінше жаңалық ашуға үйрету. Пайдасы дайын нәтиже емес, шешім қабылдау үдерісімен, өз гипотезалармен,қателермен, әр түрлі идеяларды салыстыру, бағалаулар мен жаңашыл ойлар , нәтижесінде ақыл ойды дамытуға жеке жеңіске әкелу мүмкін.
Бастауыш мектеп функционалдық сауаттылық дағдылары бойынша көп жұмыстың бастамасы ғана.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*