Алматы қаласы Білім басқармасы
КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасының»
еңбекті қорғау, басқару жүйесін енгізу жөніндегі
техникалық инспекторы М.С Кафарова.
Алматы қаласы Білім басқармасы Наурызбай ауданына қарасты КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасындағы» еңбекті қорғау, басқару жүйесін енгізу жөніндегі техникалық инспектордың қызметінің мақсаттары, міндеттері және ұйымдастырылған тиімді механизмі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы Үлгілі ережені бекіту туралы» №1020 бұйрығына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі саны елуден астам қызметкері бар өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда құрылады
Бүгінгі күнде, Алматы қаласында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылауды жүзеге асыру құқықтары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5 тарауымен, ҚР«Кәсіподақтар туралы» заңының 16 бабына сәйкес іске мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында іс жүзінде жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы қызметкерлердін өкілі болып КМҚК «№ 184 бөбекжай- балабақшамыздың» әдіскері Кафарова Мереке Суинбайқызы жалпы кәсiподақ жиналысында балабақшамыздың 75 адам саны құрайтын қызметкерлерінің ашық дауыс беру арқылы сайланып 2021 жылдан бастап қызметін атқарудамын.
Алматы қаласы Білім басқармасы Наурызбай ауданына қарасты КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасындағы» еңбекті қорғау, басқару жүйесін енгізу жөніндегі техникалық инспектордың қызметінің мақсаттары, міндеттері және ұйымдастырылған келесі тиімді механизмі іске асырылуда:
- Кәсіподақ ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылауды жүзеге асыру құқықтары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5 тарауымен, ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңының 16 бабына сәйкес іске асырылады;
- Еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттарының бірі, мектепке дейінгі ұйымдағы балалардын денсаулығы сақтау мен өмір қауіпсіздігіне ықпал етеді;
- Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды,сондай-ақ материалдық құндылықтарды: аумақты ғимаратты және құрылыстарды жабдықты, дүние мүлікті және т.с.с. сақтауды қамтамасыз ететін өрт қауіпсіздігі шараларын жүзеге асыру жүмыстарын ұйымдастырады.
Сонымен қатар, КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасында» 2021 жылғы № 1 хаттамаға сәйкес бекітілген жоспар бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы өндірістік жиналысында қызметкерлерімен занды түрде бекітілген талаптары мен әдіс тәсілдерімен балабақшаның төмендегі міндеттері мен мақсаттары орындалуда:
Қызметтің негізгі міндеттері:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар өткізу;
- білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарын қадағалуына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру.
- Қызметтің негізгі құқықтары:
- өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз барып, тексереді;
- білім беру ұйымдарында қауіпсіз және таза еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қараларды әзірлеу мен орындауға бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау
туралы тапсырмаларды орындауға береді.
Қызметтің негізгі міндеттері:
- ай сайын ұйымдағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жағдайы мен себептеріне талдау жасап, олардың алдын алу жөнінде іс- шаралар әзірлейді;
- жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз еуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және білімін тексеруді ұйымдастырады;
- ұйымдағы өндірісте жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібін қадағалауды қамтамасыз етеді;
- қызмет білім беру ұйымдарының бірінші басшысына немесе өкілетті тұлғаға тікелей бағынады;
- қызметті білім беру ұйымдарының бірінші басшысы тағайындаған басшы басқарады.
Жұмыс барысымда, жас мамандармен, педагогтармен, жұмысшылармен аудандық, қалалық семинар, көптеген кенестер, коучинг, тренингтерді және де балабақшамыздың тәрбиеленушілерміздің ата-аналарына да нұсқаулық пен жаднаманың ережелерін арналған тақталары безендіріп балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес қоғамдық жұмыстарға белсенділік арттыру жұмыстарын үнемі жүргіземін.
Біздің мамандығымыздың қыры да сыры да сол күн сайын көз алдымызда өсіп дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс жасау.
Сондықтан болашаққа жол сілтейтін балабақшадағы ең алғашқы қадамын нық басуға, тәрбие мен білімге үйрететін тәрбиешінің, тәрбиеші көмекшісінің еңбегін, мамандардың еңбегін, мейірбикенің, аспазшы, кір жуушының, қоймашының, шаруашылық жұмысшыларының еңбегін лайықты бағалау — өте маңызды міндет.
Ендеше осы міндетімізді шынайы атқарайық, құрметті әріптестер!