Home » Новости » Ұлттық ойындардың маңыздылығы

Ұлттық ойындардың маңыздылығы

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 142 бөбекжай-балабақшасы Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қайта жаңғырту мақсатында «Бестемше» ұлттық ойынын ойната отырып семинар өткізді.

Ұлттық ойынның бала тәрбиесінде маңыздылығы орасан зор. Ұлттық ойынды оқу тәрбие үлгісінде пайдаланудың өзектілігі айтпаса да түсінікті. Қазақ халқы қашанда ұрпағының сегіз қырлы бір сырлы болуын мақсат еткен, ұлттық ойындар арқылы баланың жан -жақты дамуына үлес қосқан. Бүгінгі семинарды ұйымдастырушы ұжым жоғарыда айтылған ойды дәлелдегендей. Балабақша меңгерушісі Мәрзия Токтагазиновна жиналған қонақтарға қонақжайлық көрсете отырып, сөз алып, семинарды ашық деп жариялады. Сонымен қатар ұлттық ойынның маңызы мен бүгінгі семинардың мақсатына тоқталды.
Сахна төріне «Бестемше» ұлттық ойынынан сайысқа түсетін ұл-қыздар жиналып, ойынды бастап кетті. Олар өзара қызу додаға түсіп, жеңген балалар іріктеліп, бір-бірімен бәсекеге түсті.
Сайыс соңында «Бестемше» ойынының жеңімпазы анықталды. Бас жүлдеге
мектепалды «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Нүсіп Аят. Сонымен қатар басқа қатысушыларға бірінші екінші және үшінші орындар үлестірілді.
Одан әрі бүлдіршіндердің ата- аналары да «Бестемше» ойынынан екі коммандаға бөлініп, сайысқа түсті. «Жалын» және «Қыран» тобы болып екіге бөлінген ойыншылар дене шынықтыру нұсқаушысы Сәлимов Русланның бағыт-бағдары бойынша ойынды бастады.
Ата-аналармен өткен ойын қорытындысы бойынша «Жалындаймыз, жанамыз, асуларды аламыз!» деп ұрандатқан «Жалын» тобы жеңіске жетті. Айта кететін бір жайт “Жалын” тобының құрамында белгілі актер, ата-ана Қайрат Әділгерей де болды. Жиналған қонақтар сайысқа қатысушыларды қолдап, қошемет көрсетіп ризашылықтарын білдірді.
Ойын қорытындысын шығарған әділқазылар алқасы қатысушыларға үлкен алғыс білдіріп, Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Шолпан Мұратовна жүлдегерлерді марапаттады.
    
Семинар барысында балабақша психологы Шолпан Бошановна қонақтарды ширату мақсатында сергіту тренингін өткізді. Одан әрі семинар балабақша өнерпаздарының концертімен жалғасты. Ән жетекшісі Молдажан Дилара Мұратқызы биден шашу шашты. Мың бұрала билеген өнерін көпшілік тамашалап, асқан ризашылықпен қошемет көрсетті.
Семинарды ұйымдастырып, басы-қасында жүрген әдіскер Төлепбай Таңшолпан Төрехенқызы, тәрбиеші Алибаева Эльмира Мажитқызы және басқа да ұжымдағы тәрбиешілердің еңбектерін атап өтпеуге болмас. Семинар соңында сұрақ-жауап кері байланысы орнады.

Жұлдыз Смаилова
«BILIM AYNASY»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*