Home » статьи » Экологиялық шеберхана

Экологиялық шеберхана

Алматы қаласы Жетісу ауданы білім басқарамасына қарасты № 170 бөбекжай балабақшасы «Экологиялық шеберхана» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
Семинарға мектепке дейінгі мекемелер басшылары мен педагогтары, қалалық ресурстық орталықтың әдіскері Туралина Жанар Ануарбековна және қала бойынша бірнеше мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері мен әдіскерлері, Жетісу ауданы әдістемелік бірлестік мүшелері қатысты.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023-2025 жылға арналған жол картасы негізінде қаладағы балабақшалар меңгерушілері мен педагогтарының шет елдерде тағлымдамадан өту жоспары бойынша ағымдағы жылы бірнеше меңгеруші мен педагогтар Қытай мен Малазияға барып, тағлымдамадан өтіп, тәжірибе алмасып қайтқан болатын. Бүгінгі тәжірибе алмасу семинарына Алматы қаласының әр ауданынан балабақша мамандары келіп, шеберлік сыныбын өткізді. Әсіресе Алатау ауданынан № 84 және №76, Әуезов ауданынан № 47 балабақша мамандары өткізген шеберлік сағаттары ерекше өтті.
     
Біздің балабақша да ата-аналармен бірлесе отырып “Өнер арқылы жасыл планетаға” деп аталатын жобамызды бастаған едік. Экология тақырыбына негіздеген жобамыздың Қытай, Малазия тағлымдамасы негізінде паспорты мен жоспары әзірленіп, мектепке дейінгі ресурстық орталық арқылы бекітілді. Қаңтар айынан бастап жүзеге асыра бастадық. Жобамызға қатысты тың идеялар мен жоспарларымыз көп. Оның бәрін жүзеге асыру жолында ұжым болып талмай еңбектенеміз. Жоба жетекшісі Орманбекова Шаризат Бегадилевна, ал кураторы Туралина Жанар Ануарбековна.
«Күш — бірлікте» демекші, жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыру мақсатында ата-аналармен бірлесе ұйымдасып жұмыс жасай бермекпіз.
Бүгінгі семинар барысында қатысушылар көптеген мәліметтер мен пайдалы кеңестер алды. Әсіресе шеберлік сабағын өткізгендер қатысушылардың қызығушылықтарын оята алды десем артық айтпаспын. Назар қоя тыңдап, сұрақтарына жауап алып, таңқалыстарын жасыра алмағандар болды. Жалпы айтқанда, тың ақпаратқа толы берері мол тәжірибе алмасу семинары болды.

Адамды  адам еткен-еңбек. Еңбек адам баласының өміріндегі  ең негізгі  іс-әрекеті, онсыз  тіршілік жоқ. Еңбектің нәтижесі — адамның еңбекке деген саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақты еңбекке ынталандыруды, еңбекқор етіп тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. № 170 бөбекжай-балабақша ұжымы бүгінгі өткен семинар барысында осыны айшықтағандаймыз. Жалпы балабақша ұжымы қажымай, талмай еңбектеніп келеді. Оған балабақша қабырғасында жиі өткізетін іс-шаралар мен бүгінгі семинар дәлел бола алады. Олай болса, еңбекқор жандар жиналған ұжымның алар асулары әлі алда дер едім.
Семинарда балабақшаның мектепалды даярлық тобы балаларының қатысуымен «Экологиялық сот» деп аталатын театрландырылған қойылым қойылды. Қойылымның мақсаты — экологиялық проблемалардың шешімін табу, экология мәселелерінің өзектілігін көрерменге жеткізу. Семинар соңы сұрақ-жауап айдарымен жалғасты.

Орманбекова Шаризат Бегадилевна
№ 170 бөбекжай-балабақша меңгерушісі
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*