Home » О нас » Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Жагапарова Жанар Шокановна,
Астана қаласы әкімдігінің № 4
«Аружан» балабақшасының меңгерушісі

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу ұрпақ санасына сіңіріп, сана сезімін оятуға ата аналармен бірлесе насихаттау жұмысын жасау парызымыз. Бұл қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың айқанындай тәрбиелі баланы ұлт тәрбиесімен тәрбиелей білсек ұлтқа қосар үлесіміз болмақ.

Астана қаласы  №4 «Аружан» балабақшасы Наурызнама тұжырымдамасын орындау мақсатында  «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты ата-аналармен бірлескен іс-шара ұйымдастырды.
Бала бойына ұлттық құндылықтарды  ерте жастан сіңіру, ата-бабадан қалған асыл мұраларды насихаттау бірлескен шараның мақсаты. Балабақшамыздағы ұлттық құндылыққа негізделген тәрбиенің мақсаты – ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өз-өзіне деген сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасау.

Балабақшамызда ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде, «Абай аманаты» атты эксперименттік алаңы екі жыл көлемінде жүзеге асырылуда. Ұлттық ойындар, әсіресе асықпен ойналатын «Бестемше», «Бескеней», «Бес асық», «Шерпек» ойындары күнделікті күн тәртібінде қолданылады.
«Абай аманаты» эксперименттік алаңы бойынша өткізген жұмыстардың нәтижесі ретінде балабақша бүлдіршіндерінің Хакім Абайдың төрт мезгіліне арналған өлең шумақтары оқылып, тәрбиеленушілердің қатысуымен «Сиқырлы сазсырнай» ертегісі
сахналанды.
Бала тәрбиесінде ананың орны бөлек. Аналарымыздың қатысуымен «Өнерлі ана – шебер бала» атты шеберлік-сыныпта  ұлттық ойын түрлеріне қызығушылық танытып, белсене қатысқаны осының дәлелі.
Ата-ана мен балабақша арасындағы бірлескен жұмыс нәтижесінде тәлім-тәрбиеде көрегенділік, жарасымдылық, үйлесімділік орын алды. Тәрбиенің негізгі ұйытқысы бола білген ата-аналарыма деген ризашылығым шексіз!
Өз ісіне деген жауапкершілік, талапшылдық пен құрмет оқу-тәрбие ісінде күш –жігерін біріктіре алатын ұжымның қолынан келетін қасиеттер.  Педагогтарымыз Утарова Асель, Көбейсін Жазира Ергенқызы, Бекмуратова Сабира Нургалиевна, Курбан Арайлым Ғалымжанқызы және Бекмурат Наз, Жумабаева Гульден Рахимжановна және Сулейменова Ляззат Амантаевна, Кожабекова Салтанат Абдукадыровна өз ісінің шеберлері. Шарамыздың өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болғаны үшін алғысымды білдіргім келеді.
Бала тәрбиелеуде бірлесе отырып ұлтжанды, патриот, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген толыққанды тұлғаны қалыптастыру жолында бірлесе жасайтын жұмысымызға береке тілеймін. Ұлттық тәрбиенің мәйегін мирас етіп жалғастыра алу ата салтын ұлықтай білгеннің қолында екенін жақсы білеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*