Көкшетаудан сөйлеп тұрмын 04
Ойда жоқта Ақмола облысы Көкшетау қаласының білім бөліміне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы мектепке келдім. Келу себебіміз былай басталды. Облыста “біртұтас тәрбие” жобасы қалай жүріп жатқанымен танысқымыз келген. Басқа мектепке баруымыз керек болатын. Директоры Мәлік Ғабдуллин атындағы мектепке жиналыста екен. Ат басын сонда бұрдық.
М. Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназия директоры Ахмеджанова Ардақ Маратовна күтіп алды. Бір қарағанға ұяңдау, байсалды кісі болып көрінді. Акты залға көтеріліп бара жатып, “мұражай” деген жазуды көзім шалды. “Мұнда не бар, кіруге бола ма” деп рұқсат сұрадым.
Есікті ашып кірген бетте бізді,
“Мен – халық ұлымын. Халықтың киесі бар. Жалған дүниеде ең ізгі, ең асқақ, ең таза нәрсе – өз халқының қызметшісі болу.
М. Ғабдуллин” деген жазу қарсы алды.
“BILIM AINASY”
Көкшетау қаласы
Қуантай Амантайұлы