Home » Новости » Дыбыс күші

Дыбыс күші

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Әуезов ауданында орналасқан № 36 бөбекжай балабақшасында «Дыбыс күші» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Аталған балабақша ұжымы семинарға барынша тыңғылықты дайындалған. Балабақша табалдырығын аттағаннан-ақ кіре берісте әдемі көрмені тамашаладық. Қонақтарды қарсы алған балабақша меңгерушісі Жакешова Арман Абдихановна сахна төріне шығып семинар шымылдығын ашып, сөз сөйледі. Одан әрі психолог педагог Супергиева Нигара Абдувалиевна келген қонақтармен таныстырды. Ол, семинардың өз деңгейінде өтуіне атсалысқан білікті маман.
-«Бүгінгі бала- ертеңгі болашақ», сондықтан дені сау ұрпақ өміріміздің жалғасы. Олардың дені сау болу үшін телефон, гаджеттерді пайдалану уақытын шектеу керек. Бүгін осы мәселеге тоқталамыз, бала тәрбиесі мен денсаулығына тек балабақша емес, ата-ана да жауапты”, — деді меңгеруші.

Семинарға Ресурстық орталық басшысы Наталья Викторовна, білім бөлімінен, ұстаз кәсіподақ ұйымынан, қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтан және басқа да балабақша меңгерушілері мен ата-аналар қатысты. Олар да өз көзқарастарын білдірді. Смартфондар мен гаджеттерді шектен тыс пайдалану баланың дамуына кері әсерін тигізетіні анық. Осы тақырыпты қамтыған балабақша меңгерушісі монитор арқылы көптеген мысалдар көрсете отырып, көпшілікке жеткізді. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Малазия Қытай елдеріне барған болатын. Сол жақтан жинаған ілім-білімін ұштастырып бүгінгі тақырыпты кеңінен талқылады.

Семианар барысында педагог-психологтар тарапынан «Иіс пен дәмінен біл», «Мінсіз төртбұрыш», «Қорқақ қоян» деген сияқты көптеген қызықты ойындар ойнатылды. Жиналғандар ойындарға қатысып шат-шадыман күйде болды. Олар жарыса ойнап, сыйлықтарға ие болды. Балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілерден құрылған оркесторге сөз жетпейді. Мектепалды «Ботақан» тобы семинар тақырыбына сәйкес түрлі материалдарды қолдана отырып әртүрлі дыбыстар шығарып жиынды одан сайын қыздыра түскендей.

Қонақтар бір-бірінің арқасына сурет салып сезімталдықты анықтайтын ойынға қатысып, жеңімпаздар анықталды. Семинар соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Тәрбиеші Капабаева Эльмираның орындауындағы «Бұлбұл» әні көпшілік көңілінен шықты. Жалпы семинарда бәрі жан-жақты қамтылды. Ойын да ойналды, өнерлі, білімді тәрбиешілер мен әдіскерлердің, жалпы ұйымшыл ұжым еңбегінің нәтижесі көрінді. Семинар соңында кері байланыс орнады.

Жұлдыз Смаилова
«Білім айнасы»
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*