Алматы қаласындағы КМҚК «№190 бөбекжай-балабақшасы» базасында «STEAM технологиясы – мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес құрылған Құзіреттілік орталығының жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.
Семинардың алғы сөзімен сөз алған балабақша басшысы Мошекенова Айман Руслановна қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алып, мекеменің тарихы мен жетістіктеріне тоқтала келе, балабақшада жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалармен таныстырды.
Іс-шара барысында Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы Карасёва Наталья Викторовна құзіреттілік орталықтардың жұмысымен таныстырып, озық тәжірибе алаңы ретінде №190 балабақшасының атқарып жатқан рөліне ерекше тоқталды.
КМҚК «№190 бөбекжай-балабақшасы» әдіскері Нурмагамбетова Жаркынай Қайназарқызы «STEAM технологиясының мектепке дейінгі ұйымдағы тиімділігі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заманауи білім беру үдерісінде аталған әдістеменің орны мен маңызын нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Семинар аясында қатысушылар балабақша топтарына саяхат жасап, әртүрлі дамытушы және қызығушылық орталықтарының жұмыстарымен танысты. Әсіресе «Сұңқар» ересектер тобында педагог-модератор Макашева Гүлсім Бахытбекқызы ұсынған «Балабақшадағы қызықты инженерия» тақырыбындағы ойын-әрекет қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытатын бұл тәжірибе семинар қонақтары үшін тың идея болды.
Саяхаттан соң, педагог-зерттеуші, музыка жетекшісі Сылдырбаева Лида Жұманқызы музыкалық сергіту сәтін ұйымдастырып, қонақтардың көңілін көтерді. Ал балабақша педагог-психологы Кеңес Жансая Ержанқызы ұйымдастырған «Көңілді алаң» атты психологиялық тренинг қатысушыларды ортақ бірлікке шақырып, семинардың жылылық пен сенімге толы өтуіне өз үлесін қосты.
Педагогтар үшін ұйымдастырылған шеберлік сыныптар – «Көлемді нысан жасауға арналған 3D қалам»
Ортаңғы топ тәрбиешілері:
Қызайбек Малика Ербосынқызы
Сауытбекова Жулдызай Тажиевна
«Дәстүрден тыс бояулар сыры»
Сағымбек Айдана Сәтжанқызы
Исмаилова Нургуль Бакытовна
«Қызықты инженерия»,
Ересектер тобы тәрбиешілері:
Макашева Гульсим Бакитбековна
Жомартқан Айтолқын Мұхтарқанқызы
«Панно жүн технологиясы – ұсақ қол моторикасын дамыту»
МАД тобы тәрбиешілері:
Камбарова Каламкас Серикқызы
Ильясова Мадина Карсыбаевна
тақырыптарында өтті.
Бұл бағыттарда балабақша педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерімен тығыз кәсіби байланыс орнатты.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, №190 бөбекжай-балабақшасының ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Мұндай іс-шаралар мектепке дейінгі ұйымдарда озық тәжірибені таратуға, педагогикалық шеберлікті шыңдауға мол мүмкіндік береді.
КМҚК «№190 бөбекжай-балабақшасы» ұжымы балғындардың жарқын болашағы үшін тың идеялар мен заманауи технологияларды ұштастыра отырып, тәрбиелеу мен білім берудің жаңа сатысына қадам басып келеді
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№190 бөбекжай-балабақшасы.