Home » статьи » «Бұрымды қыз» челленджінің ерекшелігі

«Бұрымды қыз» челленджінің ерекшелігі


Жақыпбекова Айгүл Елжасқызы
ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы
№140 гимназия» МКК-нің
бастауыш  сынып мұғалімі   

«Бұрымды қыз» челленджінің ерекшелігі

Қазіргі жаһандану заманында әртүрлі трендтерге еліктеу жастар арасында кең тарағаны белгілі, бірақ халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздеген шаралар әрдайым өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Соның бірі — «Бұрымды қыз» челленджі.

Қазақ халқында қыздың бұрымы қашан да сұлулық пен әсемдіктің, тәрбиеліліктің символы саналып келген. Бұрым   — ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі, ол қазақ қызының нәзік болмысын көрсетеді. Шаштың өрілуі –әдеп пен мәдениеттің көрінісі. Бұрым қазақ халқының эстетикалық және рухани көзқарасымен тығыз байланысты. Шаш өру  қазақ халқының дәстүрінде ерекше орынға ие, қыздардың сұлулығын танытып қана қоймай, тәрбиесінен сыр берген. Ерте кезде қыз балалардың шашы ұзын болып, оны әртүрлі өрнектермен өріп, әдемілеп күту дәстүрі болған.

ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де ұйымдастырылған «Бұрымды қыз» челленджіне қыздарымыз белсене қатысты. Негізінен челлендж мақсаты — жас ұрпақтың бойына инабаттылық пен тәрбиелілікті сіңіріп, өз мәдениетін құрметтеуге үйрету.

Аналарымыз  мен қыздарымыз аталмыш шараға белсене қатысып, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртты. Челлендж барысында аналар мен қыздар ұлттық нақыштағы бұрым өрісінің бірнеше түрін бейнебаянға түсіріп көрсетті. Қазақ қызына тән нәзіктігімен, биязылығымен  көзге түскен, шолпы таққан, бұрымды,  сұлу қыздарымыз  бұл челленджге ерекше көрік берді.

«Бұрымды қыз»  челленджі мектептегі және қоғамдағы ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда маңызды қадам болып саналады. Осындай шаралар арқылы жастардың бойында қазақ халқының салт-дәстүрі мен тәрбиелік мәні зор қасиеттерді дамытуға мүмкіндік туады деген ойдамын.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*