Копкаева Бахтыгуль Алыкеевна
«Алматы облысы Қарасай ауданы «Шамалған ауылы
«Бота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
тәрбиеші, педагог-зерттеуші
Тәрбиеші – баланың тәрбие негізін қалыптастыратын тұлға
Тәрбиеші – мектепке дейінгі білім беру саласындағы ең маңызды тұлғалардың бірі. Ол балалардың физикалық,зияткерлік, рухани және адамгершілік дамуына тікелей әсер етеді. Тәрбиешінің еңбегі тек білім беру емес, сонымен қатар, баланың қоғамға бейімделуіне, құндылықтарды меңгеруіне және өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру.
Тәрбиеші – бұл тек мамандық қана емес үлкен жауапкершілік пен шексіз мейірімділікті талап ететін мамандықтардың бірі деп есептеймін. Әрбір баланың жүрегіне жылу сыйлап, олардың алғашық қадамын бағыттап,өмірлік іргетасын қалаушы жан ол- тәрбиеші. Тәрбиешіні кішкентай балалардың бағбаны деп айту бекер емес. Себебі тәрбиеші кішкентай бүлдіршіндерді бақтағы нәзік гүлдер сияқты мәпелеп өсіреді, оларға өмірдің алғашқы сабақтарын үйретеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешінің рөлі ерекше, өйткені дәл осы кезеңде бала өмірге, адамдарға, еңбекке деген көзқарасын қалыптастырады.
Тәрбиеші тек білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып қана қоймайды, ол балалардың әрбір күнін қызықты әрі пайдалы өткізуге тырысады.
Қандай мамандық болмасын, мамандығын шын жүректен сүю және өз жұмысына жауапкершілікпен қарау – табысты болудың басты құпиясы. Өз мамандығыңды жақсы көрсең, кез келген қиындықты жеңуге болады. Мамандықтың ауыр не жеңіл болуы адамның мамандығына деген көзқарасына байланысты.
Жақсы тәрбиеші болу үшін тек кәсіби білім жеткіліксіз. Бұл мамандықты таңдайтын адамда ерекше қасиеттер болуы тиіс.
Мен үшін мамандығым – менің мақтанышым! Өз мамандығым мені шабыттандырады, өзімнің қоғамдғы орнымды сезінуге мүмкіндік береді.
Мамандық иесі болу – бұл тек жұмыс істеу емес, өмірде өз мамандығыңды сүйе отырып із қалдыру.
Тәрбиеші –балалармен жұмыс барысы кезінде әртүрлі жағдайларға дайын болуы қажет.
Тәрбиеші болу үшін адам бойында мынадай қасиеттер болу маңызды.
- Балаларға жылулық сыйлай білетін,
- Тәрбие процесін дұрыс жоспарлап, жүзеге асыратын,
- Әрбір күнді балалар үшін қызықты әрі есте қаларлықтай өткізе алатын,
- Балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өтуіне жауап беретін,
- Заманауи білім беру технологияларын меңгеру және оларды қолдана білу.
Анығын айтқанда, әрбір адам өз маманығын мақтаныш етіп, сүйіспеншілікпен атқарса, қоғамда үлкен өзгерістер орын алады. Өз мамандығыңды шын жүрекпен жақсы көрсең, ол өміріңді мәнді де мағыналы ететеді.
Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және мамандығымның арқасында қоғамға пайдалы іс әкелуге тырысамын.
«Мамандық – бұл өмірлік жолың» деген сөз бекер айтылмаса керек. Мен үшін мамандық таңдау – тек өз болашағыңды ғана емес, сонымен қатар елімнің, қоғамның дамуына қосқан үлесім деп білемін.
Мамандық таңдау – жүрек қалауы мен ақылдың шешімін талап ететін маңызды қадам. Менің таңдауым- өзімнің сүйікті мамандығымды өмірлік кәсібіме айналдыру. Әрбір жұмыс күнінде өзіңнің пайдалы іспен айналысып, адамдарға көмек беріп, жақсы нәтиже көру – үлкен қуаныш. Мамандыққа деген сүйіспеншілік адамды әрқашан шабыттандырады, алға ұмтылуға, ізденуге, заман талабына сай кішкентай бүлдіршіндерге, білім беруге құлшынысын арттырады.
Тәрбиеші тек балабақшаның қабырғасында ғана емес, қоғамда да маңызды рөл атқаратын мамандықтардың бірі. Тәрбиеші ата-аналармен де тығыз байланыста болып, олардың балаларының тәрбиесіне бағыт-бағдар береді. Балабақшада алған тәрбие мен білім баланың мектептегі, одан кейінгі өміріндегі жетістіктеріне негіз болады. Тәрбиеші тек мамандық қана емес, үлкен жауапкершілік миссия. Тәрбиеші болашақ ұрпақтың қалыптасуына тікелей ықпал етіп, қоғамның дамуына үлес қосады. Оның еңбегі арқылы болашақ ұрпақтың адамгершілік қасиеттері, рухани байлығы мен мәдениеті қалыптасады. Жақсы тәрбиешінің арқасында бала өзін өзі тануға, өз ортасында еркін қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Қазіргі таңда тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге; бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.
Ұлттық тәрбие- әр халықтың мәдениеті мен рухани байлығын жас ұрпаққа жеткізу процесі. Бұл тәрбие түрі баланың ұлттық болмысын, отансүйгіштік сезімін,дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу қасиетін қалыптастырады. Балабақша – балалардың өміріндегі алғашқы тәрбиелік мекеме болғандықтан, ұлттық тәрбие беру осы кезеңнен басталады.
Ұлттық тәрбие арқылы балалар өз халқының тарихи мұрасын, ата-бабаларының ерлігін біледі.
Ұлттық құндылықтарды меңгереді-тіл, дәстүр, өнер және әдебиет арқылы рухани байлыққа бағынады.
Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілік қалыптасады. Үлкендерге құрмет көрсету, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді меңгереді.
Балабақшадағы ұлттық тәрбие міндеттері
Ұлттық мәдениетпен таныстыру: Халық әндері, ертегілер, жырлар, мақал-мәтелдер арқылы балаларға рухани тәрбие беру.
Дәстүрлерді насихаттау: Наурыз мейрамы,тұсау кесу, бесікке салу сияқты салт-дәстүрлерді таныстыру.
Қолөнерге баулу: Ұлттық ою-өрнектер салу, құрақ көрпе жасау, киіз басу, қамшы өру сынды қолөнер түрлерімен таныстыру.
Ұлттық ойындар ойнату: «Асық ату», «Тақия тастамақ», «Қыз қуу»сияқты ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Тілге құрметті үйрету: Мемлекеттік тілді меңгерту және оны қолдануға ынталандыру.
Ұлттық тәрбиенің әдістері мен тәсілдері
Ойындар мен мерекелер: Ұлттық ойындар ұйымдастырып, мерекелерді сахналау арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Шығармашылық жұмыстар:
Сурет салу, қолөнер жасау, ән айту арқылы ұлттық болмысты көрсету.
Балалармен қазақ халқының тарихы мен ерлік істері туралы әңгімелер ұйымдастыру. Ұлттық тәрбие алған бала өз халқының тарихын, дәстүрін,мәдениетін құрметтеп, қоғамда өзіндік орнын таба алады. Сонымен қатар отаншыл, қайырымды, жауапкершілігі мол тұлға болып өседі. Ұлттық тәрбие –балалардың болашақтағы өміріне негіз болатын маңызды құрал. Ұлттық тәрбие арқылы біз өзіміздің мәдениетімізді сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа жеткіземіз. Сондықтан балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлу-әр тәрбиешінің және ата-ананың басты міндеті. Ұлттық тәрбие беру барысында, тәрбиешінің жұмысы өте маңызды. Бұл мамандық иелерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Әрбір тәрбиешінің табандылығы мен кәсіби шебеолігі –қоғам дамуының кепілі. Болашақтың жарқын болуы тәрбиешінің еңбегіне тікелей байланысты. Тәрбиешінің еңбегі арқылы қоғамның мәдениеті мен білімі артады, болашақ ұрпақтың жарқын жолы қамтамасыз етіледі. Сондықтан тәрбиешілерге құрмет пен қолдау көрсету- баршамыздың міндетіміз.