Мейірім мен жан жылуына толы
“Тілек шыршасы”
Жаңа жыл — үміт пен жақсылыққа бастар ерекше мереке. Осы мереке қарсаңында Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған “Тілек шыршасы”қайырымдылық акциясы адамгершілік пен жанашырлықты дәріптеген игі шаралардың біріне айналды. Бұл акцияның басты мақсаты — қоғамның ерекше қолдауды қажет ететін мүшелеріне қамқорлық танытып, балалардың жүрегіне қуаныш сыйлау, мейірім мен ізгіліктің маңызын ұғындыру.
Аталған қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы, Алмалы ауданына қарасты №22 бөбекжай-балабақшасының ұжымы “Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы” КММ-не арнайы барып, тәрбиеленушілермен жүздесті. Жаңа жылдық көңіл-күйге толы бұл кездесу балалар үшін де, қонақтар үшін де ерекше әсерлі сәттерге толы болды.
![]()
Аталған қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында қайырымдылық, мейірімділік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Осы мақсатта балаларды мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тәрбиелеу, олардың жүрегіне мейірім мен ізгілікті ұялату басты міндет ретінде айқындалды. Сонымен қатар, ата-аналар қауымдастығын әлеуметтік маңызы бар игі істерге тарту және балабақшалар арасында өзара ынтымақтастықты нығайту көзделді.
Акция барысында №22 бөбекжай-балабақшасының ата-аналары да бұл игі іске белсене атсалысып, ортақ мақсат жолында бірліктің үлгісін көрсетті. Жобаның түпкі мәні — балабақша тәрбиеленушілерін кішкентай кезінен мейірімділікке, жанашырлыққа, өзгеге қолдау көрсете білуге баулу болып табылады. Осындай тәрбиелік маңызы зор бастамалар арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасып, қоғамға бейжай қарамайтын саналы ұрпақ өсетіні сөзсіз.
![]()
Балабақша қызметкерлері орталықтағы балаларға арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етіп, шынайы тілектерін жеткізді. Әрбір сыйлықтың артында үлкен мейірім, жанашырлық пен қамқорлық жатқаны сезілді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық, шынайы күлкі бұл игі істің мәнін одан әрі айқындай түсті.
Кездесу барысында балаларға жаңа жыл мерекесінің мәні түсіндіріліп, жақсылыққа, ізгілікке, бір-біріне қамқор болуға шақыратын жылы сөздер айтылды.
Мерекелік атмосферада өткен шара балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. Осындай сәттерде бала жүрегіне жылу сыйлаудың қаншалықты маңызды екені айқын сезіледі.
№22 бөбекжай-балабақшасының ұжымы үшін бұл шара — тек қайырымдылық акциясына қатысу ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Балабақша қызметкерлері қоғамдағы әрбір баланың тең дәрежеде қамқорлық пен назарға лайық екенін нақты іспен көрсете білді. Бұл — адамгершілік құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі.
![]()
“Тілек шыршасы” акциясы арқылы мейірім, жанашырлық, ізгілік сынды асыл қасиеттердің қоғам өміріндегі орны ерекше екені тағы бір мәрте дәлелденді. Мұндай шаралар балалардың ғана емес, ересектердің де жүрегіне жылу ұялатып, бір-біріне деген жауапкершілік сезімін арттырады.
![]()
Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған бұл қайырымдылық акциясы орталық тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, оларға қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың бар екенін сезінуге мүмкіндік берді. Балалар үшін бұл – ұмытылмас әсер, ал ұйымдастырушылар үшін -үлкен рухани қанағат.
Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар өз жалғасын тауып, қоғамда мейірім мен жан жылуын арттыра берері сөзсіз. “Тілек шыршасы” секілді акциялар – бірлік пен жанашырлықты нығайтатын, жүректерді жақындататын маңызды әлеуметтік жобалар қатарында.
