![]()
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
«№59 мектеп-гимназия» КММ
Денешынықтыру және АӘжТД
пәндер бірлестігінің жектекшісі:
Алибекова Сауле Бакбергеновна.
Заң мен тәртіп – адал еңбектің берік тұғыры
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 2025–2026 оқу жылының әдістемелік бірлестіктер мен кафедралардың онкүндіктер жоспарына сәйкес жүзеге асырылған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылыққа негізделген тәсілдер айлығы аясында Денешынықтыру және АӘжТД пәндер бірлестігі оқушылардың құқықтық санасын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Еңбегі адал жас өркен» жобасын табысты іске асырды.
Жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына «Заң және Тәртіп» құндылығын сіңіру, тәртіпті өмір салтының табысқа жетелейтін негізгі фактор екендігін ұғындыру, адал еңбектің маңызын терең сезіндіру.Аталған жоба аясында бірқатар мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
2025 жылғы 8 желтоқсанда 5–11 сынып оқушылары арасында «Тәртіп – табысқа бастар жол!» тақырыбында мектепішілік тәртіпке арналған видео челлендж өткізілді. Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, мектеп ережелерін сақтаудың маңызын заманауи форматта жеткізуге бағытталды. Оқушылар өз бейнероликтері арқылы тәртіптің – жауапкершілік пен жетістікке бастайтын басты құндылық екенін көркем түрде бейнелей білді. Аталған челленджді ұйымдастыруға денешынықтыру пәні мұғалімдері Алибекова С.Б. мен Отенов М.О. жауапты болды.
![]()
10 желтоқсан күні 4 сынып оқушылары арасында «Тәртіппен – жеңіске!» атты спорттық-тәрбиелік квест ұйымдастырылды. Квест барысында оқушылар ептілік пен шапшаңдықты ғана емес, командамен жұмыс жасау, өзара сыйластық, тәртіп сақтау секілді маңызды қасиеттерді меңгерді. Әрбір тапсырма балалардың бойында адалдық пен әділдікке деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталды. Іс-шараны денешынықтыру пәні мұғалімдері Нургалиев Т.М. және Акимжанов Ж.Р. жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
![]()
Жобаның мазмұнын тереңдете түскен маңызды шаралардың бірі – 12 желтоқсан күні 10 сынып оқушыларының Қорғаныс министрлігінің 61993 әскери бөліміне жасаған танымдық саяхаты болды. «Саяхат сабақ» форматында өткен бұл іс-шара оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыруға, Отан алдындағы борыштың мәнін түсінуге бағытталды. Оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери қызметтің жауапкершілігі мен тәртіпке негізделген жүйесін көзбен көрді. Бұл – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық парызды қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Іс-шараға АӘжТД пәні мұғалімі Баисинов А.М. жетекшілік етті.
![]()
«Еңбегі адал жас өркен» жобасы аясында өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың бойында заңға құрмет, тәртіпке бағыну, адал еңбек ету секілді өмірлік маңызы зор құндылықтарды қалыптастыруға зор үлес қосты. Денешынықтыру және АӘжТД пәндер бірлестігінің жүйелі жұмысы арқылы «Заң және Тәртіп» қағидаты оқушылар санасында нақты іс-әрекетпен ұштасып, болашаққа бағытталған берік тәрбиелік негізге айналды.
