Ақмола облысы Қосшы қаласы
мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Еламанова Сабира Балтабаевна
Қосшы қаласында орналасқан мектеп-гимназиясы, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасының стандарттарына толық сәйкес салынған, жыл сайынғы оқу процесін жаңаша деңгейде ұйымдастыруға үлкен үлес қосып келеді. Биыл мектебіміздің ашылғанына екінші жыл болып, екі ауысымда 2700 оқушы білім алуда. Бұл білім ошағы оқушылардың жайлылығы мен қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөледі, себебі заманауи және ыңғайлы жағдайлар жасалған, барлығы балалардың дамуына толықтай мүмкіндік беретін ең үздік құрылғылармен қамтамасыз етілген.
Мектептің ұсынған мүмкіндіктері тек оқу бағдарламасымен ғана шектелмейді. Оқушылар үшін мектеп кең ауқымда білім мен тәрбие алуға түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Мысалы, “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында спорт секцияларына, би үйірмелеріне, хорға, фортепиано мен домбыра үйренуге тегін қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өздерін әртүрлі салада сынауға тамаша мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептің техникалық бағыттағы үйірмелері де бар, олардың ішінде робототехника, мобилография және автомобиль жүргізуді үйрену секілді заманауи үйірмелер ұсынылады. Бұл шаралар оқушылардың технологиялар мен инновацияларға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтары үшін қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Мектептің ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде білім саласына деген мемлекет қолдауын ерекше атап өтіп, мектеп ұжымына сәттілік тіледі. Президент өз сөзінде ұстаздар мен оқушыларға білім мен тәрбие жолындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын осындай білім ордаларын салудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Президент “Әке туралы ой-толғау” кітабын және Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты, бұл мектептің қоғамдағы орны мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың бір көрінісі болып табылады.
Мектебімізде ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғамның үндестігіне қатысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналар жиналыстары жиі өткізіледі. Мұндай шаралар оқушылардың рухани және мәдени дамуына үлкен әсер етіп, олардың тұлғалық қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Оқушылар әртүрлі тақырыптар бойынша пікірталастарға, көрмелер мен концерттерге қатысып, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді ұғынуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мектепте тәрбие жұмысын кешенді түрде ұйымдастыру мақсатында түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіліп, оқушылардың мінез-құлық дағдыларын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Мектебіміздің ұстаздары мен әкімшілігі осы бағытта үздіксіз жұмыс жасап, балаларға терең білім мен сапалы тәрбие беру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Мектеп директоры Дидар Асқарова атап өткендей, білім мен тәрбие саласындағы барлық жаңашылдықтар мен өзгерістер оқушылардың тұлғалық дамуында маңызды рөл атқарады. Оқушылар тек білім алып қана қоймай, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында спорт секцияларына, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, би және хор үйірмелеріне де қатыса алады. Бұл балалардың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық, табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушылардың ата-аналарының арасында тығыз байланыс орнату арқылы, білім беру сапасы мен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға үлкен мән беріледі. Әрбір оқушының жеке қабілетін және талантын ашуға, оларды жан-жақты дамытып, жоғары нәтижелерге жетуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Мектептегі шығармашылық үйірмелер мен секциялар оқушылардың өз қызығушылықтарына сай таңдау жасауына мүмкіндік береді, осылайша әр баланың жеке тұлғалық өсуіне ықпал етіледі.
Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиясы еліміздің білім беру жүйесінде жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өз іс-әрекеттерімен оқушылардың болашағына айтарлықтай әсер ететін заманауи білім ордасына айналуда. Осы мектептің оқу процесі мен тәрбие жұмысының моделін басқа мектептерге үлгі ретінде ұсынуыма болады.