Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№ 98 бөбекжай- балабақшасында “Телемост Дружба” тақырыбында аудандық семинар өтті. Балабақша меңгерушісі
Алипова Айгуль Амантаевна іс-шараны өзінің алғы сөзімен бастады.
Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының колдауымен Жапон еліне Алматы қаласының балабақша меңгерушілері біліктіліктерін арттыру мақсатында барған болатын. Бұл семинардың басты мақсаты: Жапон білім беру жүйесінің іс-тежірибесін басқа балабақша меңгерушілеріне өз тәжірибелерімен алмасу болды.
Балабақша бүлдіршіндері екі топқа бөлініп, Қазақ елі мен Жапон елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, ойындарын көрсетті. Бір топ қазақ елінің салт-дәстүрін көрсетіп, ортаға кимешек киген апамыз шығып, домбырамен күмбірлете күй тартып, ән шашуын арнады. Ортаға тәрбиеленуші қыздар шығып мың бұрала биледі. Ұлттық ойынымыз “Бес кеней” ойнатып, Жапон еліне таныстырды.
Ал екінші топ Жапон елі туралы ақпарат айтып, салт-дәстүрлерімен таныстырып өтті. Ортаға апамыз шығып, Жапон елі үшін “Веер” өте маңызды болып саналатыны, ұрпақтан ұрпаққа берілетіні, сақталатыны туралы ақпараттар айтып өтті. Тәрбиеленуші қыздар веермен би билеп берді. Жапон елінің ұлттық ойынын ойнап көрсетті.
Келген қонақтардың көңілін көтеру мақсатында балабақша психологі Оригами нейро жаттығуларын ойнатты. Осылайша Жапон еліндегі білімді, ойындардың құндылықтарын келген қонақтарға іс-тәжірибе арқылы көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Семинардың соңында пікір алмасу болды. Осындай жүйені іске асырған
№ 98 бөбекжай- балабақшасының ұжымына алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Алматы қаласы
Білім айнасы
Елназ Тұрсынғалиқызы