Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна
Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау
басшысы Садықова Урзада Илесбаевна
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
Баланың физикалық дамуы 3-17 жас аралығында қарқынды жүреді. Сондықтан баланың дұрыс тамақтануы, оның дене және ақыл-ой дамуына зор септігін тигізеді. Баланың дұрыс тамақтануы тек үй жағдайында ғана емес, сонымен қатар, мектепте оқу уақытында да көңіл бөлуіміз қажет.
Ел Президентіміздің 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сәйкес, еліміздің барлық мектептерінде 1-4 сынып аралығында және аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушыларына тегін
1 реттік ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етілуі көзделген.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ҚР БжҒМ «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазан айындағы №598 бұйрығы әзірленді.
Осы бұйрықта оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында білікті қызметкерлері бар, қызметті дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлері қарастырылған. Ол критерияларда жеке кәсіпкердің жұмыс тәжірибесі, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтары бар, азық-түлік өндірісі, энергия үнемдегіш құрылғыларының болу талаптары қарастырылған.
Азық-түлікті дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшін, мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі енгізілді.
Бұл дегеніміз мемлекеттік білім беру мектептердің асханаларын, жоғарыда атап кеткен конкурстық критерийлер негізінде іріктелініп алынған жеке кәсіпкерлерге берілетін болды.
Конкурстық комиссия құрамына үкіметтік емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитеті, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкілдері кіретін болды.
Сонымен қатар, оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында БжҒ Министрлік пен Қазақ тағамтану академиясы бірігіп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген бір реттік тамақтандыру нормалары әзірленді.
Білім беру ұйымдарында ас мәзірінің нормалары «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға, әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 Қаулысында регламеттелген.
Аталған нормаларда балалар ағзасына қажетті дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алынуы қарастырылған.
Сонымен қатар, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚРДСМ-302/2020 бұйрығындағы мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарын әзірледі.
Осы стандарттарға сәйкес, Тағамтану академиясы ас мәзірін әзірлеу кезінде келесі негізгі талаптар мән берілу қажет:
- оқушылардың мектептегі оқу уақыты мен жас ерекшіліктеріне;
- оқушылардың тамақтануының энергетикалық құндылығының энергиялық шығындарға сәйкестігіне;
- тағамның химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктерін сәйкестігіне;
- ас мәзірінде дәрумендер мен минералдар кешенімен байытылған тамақ өнімдерінің болуына;
- ас мәзірінің рационына етті, сүтті, балық және құс етін жеті күнде бір реттен сиретпей қосуына;
- ас мәзірінде әртүрлі тағамдардан құралу қажеттілігіне. Яғни бір күндегі тағамдардың түрлері келесі күні қайталанбау керектігіне;
- ас мәзірі жыл мезгіліне байланысты қысқы-көктемгі және жазғы-күзгі әзірленуіне;
Әзірген перспективалық маусымдық, төрт апталық ас мәзірі білім беру басқармасымен бекітіліп, мектеп басшыларына, мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерлерге қолдану үшін жіберіледі. Білім беру басшысы перспективалық мәзірді негізінге ала отырып, тәуліктік ас мәзірін бекітеді.
Әрі қарай бекітілген тәуліктік ас мәзірі мектеп асханасының бұрышына ілінеді. Сол тәуліктік мәзірді қолдана отырып, асхананың аспазшысы оқушыларға ыстық тамақты дайындайды. Бекітілген ас мәзірде тағамның көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтері көрсетіледі. Әр күні берілетін ас мәзірінің бекітілген ас мәзіріне сай жасалғандығы мен дайын тағамның органолептикалық сапасын қадағалау үшін мектеп басшысының бұйрығымен арнайы бракераждық комиссия құрылады. Комиссия мүшесіне мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкер және бірнеше ата-аналар болуы қажет. Комиссия мүшелері дайындалған астын сапасына өз ұсыныстарын жазып кетуге құқылы. Ұсыныста кемшіліктер анықталған жағдайда мектеп әкімшілігі мен мектептің асханасын жалға алушы жеке кәсіпкер дер кезінде кемшіліктердің жоюуын қамтамасыз етуі қажет.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес, мектеп асханалары эпидемиялық мәні жоғары нысандарға жатады. Эпидемиялық мәні жоғары нысандар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы қажет.