Home » Открытый урок » Тырысқақтың алдын алу шаралары

Тырысқақтың алдын алу шаралары

 Тырысқақ — бұл тырысқақ вибрионын тудыратын жіті ішек инфекциясы, ол күшті диареямен, тоқтатылмайтын құсумен және организмнің қатты сусыздануымен көрінеді, көп жағдайда  өлімге әкеледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері әлемде 174 476 жағдай тіркелген, олардың ішінде 2371 өліммен аяқталған, соның ішінде:

— Ресейде 2 жағдай, өлім жағдайы болған жоқ (Үндістаннан әкелінген);

— Азияның 8 елінде: Ауғанстанда — 38192 жағдай, оның 12 — ы жағдайы өліммен аяқталды. Бангладеш тиісінше — 80/0, Мьянма  — 1456/0, Непал — 85/0, Пәкістан — 6424/0, Тайланд — 5/0, Үндістан — 3270/0, Йемен — 12942/10;

— Африканың 18 елінде  114963 жағдай, оның 2349 — і өліммен аяқталды.

Тырысқақтың қоздырғышы — тырысқақ  вибрионы. Ол ашық су қоймаларында бірнеше айға дейін сақталады. Инфекция көзі — ауру адам немесе вирусты тасымалдаушы, яғни клиникалық тұрғыдан сау, бірақ нәжісімен (кейде құсу массаларымен) қоздырғышты қоршаған ортаға бөлетін адам.

Адамға инфекция  ластанған суды ішкенде немесе оны тұрмыстық мақсатта пайдалану кезінде (қолды, көкөністерді, жемістерді, ыдысты, тұрмыстық заттарды жуу, шомылу және т.б.) жұғуы мүмкін. Ауру кенеттен, дене қызуынсыз басталады. Іші жиі өтеді, іштің ауыруы мен кернеуі байқалмайды. Кейіннен құсу қосылады. Егер іш өту 1 — 2 күн бойы тәулігіне 3 — тен 30 ретке дейін жалғасса, организмде ауыр сусыздану дамиды. Науқастың жағдайы нашарлай бастайды, бұлшықет әлсіздігі артады, шөлдеу, ауыздың кебуі байқалады, дене температурасы күрт төмендейді. Кейде аурудың алғашқы тәулігінде-ақ өлімге әкелуі мүмкін. Кейбір жұқтырған адамдарда клиникалық көріністер байқалмайды. Кейде инфекция сау болып көрінетін адамдар арқылы беріледі.

Туристер тырысқаққа қолайсыз аймақтарда болудан аса сақ болу керек. Сондықтан Үндістан, Ауғанстан, Бангладеш, Мьянма, Непал, Таиланд, Пәкістан, Йемен және Африка елдеріне барған кезде тырысқақтың алдын-алуды үнемі жүргізіп, гигиенаның негізгі ережелерін өз бетінше сақтау қажет.

Ас үйді таза ұстау, ішуге арналған суды қайнату, шыбындарды жою, ыдыстарды жуу керек. Тырысқақтың да, басқа да ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шараларын сақтау өзіңізді де, айналаңыздағы адамдарды да жұқтыру мүмкіндігін болдырмау үшін қажет.

Адам тырысқақпен ауырған жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет — науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Аурумен бір бөлмеде немесе пәтерде бірге болған, сондай-ақ онымен ортақ ыдыс пен дәретхананы пайдаланған барлық адамдар алдын алу мақсатында оқшауланып,  профилактикалық ем алуы қажет.

 Спикер Қасымхан Алпысбайұлы

 

Меры профилактики холеры
Холера — острая кишечная инфекция, вызываемая холерным вибрионом и проявляющая сильной диареей, неукротимой рвотой, сильнейшим обезвоживанием организма, часто приводящем к летальному исходу.

По последним данным Всемирной организации здравоохранения в мире зарегистрировано 174 476 случаев, из них 2371 с летальным исходом, в том числе:

— Россия — 2 случая, без летальных (завоз из Индии);

— в 8 — ми странах Азии: Афганистан — 38192 случаев, из них 12 с летальным исходом.  Бангладеш соответственно — 80/0, Мьянма — 1456/0, Непал — 85/0, Пакистан — 6424/0, Таиланд-5/0, Индия — 3270/0, Йемен — 12942/10;

— в 18 странах Африки — 114963 случаев, из них из них 2349 с летальным исходом.

Возбудителем холеры является холерный вибрион. Который сохраняется в воде открытых водоемов до нескольких месяцев. Источником инфекции является больной человек или вирусоноситель — клинически здоровый человек, выделяющий возбудителей с испражнениями (иногда с рвотными массами).

Заражение человека происходит при употреблении инфицированной воды, а также при её использовании в хозяйственных целях (для мытья рук, овощей, фруктов, посуды, предметов домашнего обихода, при купании и т.д.). Заболевание начинается внезапно, без повышения температуры. Появляется жидкий частый стул, без напряжения и болезненности в животе. Затем присоединяется рвота. Если понос продолжается 1 — 2 суток с частотой от 3 до 30 раз в сутки, наступает обезвоживание организма. Состояние больного ухудшается: нарастает мышечная слабость, жажда, сухость во рту, температура тела резко падает. Иногда смерть может наступить уже в первые сутки болезни. У некоторых инфицированных клинические проявления отсутствуют или проходят незаметно. Иногда инфекция передается через, казалось бы, здоровых людей.

Туристам следует с особой осторожностью отнестись к пребыванию в неблагополучных по холере регионах. Поэтому при посещении таких стран, как Индия, Афганистан, Бангладеш, Мьянма, Непал, Таиланд, Пакистан, Йемен и стран Африки необходимо постоянно проводить профилактику холеры, самостоятельно соблюдать основные правила гигиены.

Необходимо содержать кухню в чистоте, воду для питья следует обязательно кипятить, мух уничтожать, посуду мыть. Соблюдать основные меры профилактики как холеры, так и других кишечных инфекций, которые необходимы для предотвращения возможности заражения как себя, так и окружающих людей.

При появлении у человека признаков болезни, схожих с клиникой холеры, необходимо немедленно вызвать врача — больной должен быть госпитализирован. Все, кто находился в контакте с больным в одном помещении или квартире, пользовался с ним общей посудой или туалетом, должен быть изолирован для проведения профилактического лечения.

 

Спикер Қасымхан Алпысбайұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*