Күзембаева Бибигул Абдуллаевна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылы,
«Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Ашық іс-әрекет
Ұйымдастырған іс-әрекетке дайындық:Жәй салмақты әуен жазбасын қосып,қимыл қозғалыс жасау.
Сәлемдесу ойыны: ”Менің көмекшілерім”
Мақсат-міндеттері:Балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту,сәлемдесу рәсіміне баулу,дене мүшелерін қабылдап тануға тәрбиелеу.
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Ұйымдастырған іс-әрекет:Дене шынықтыру
Қимылды ойын:“Пингвинге ұқсап жүрейік”
Мақсат-міндеттері:Балаларды бір қатарға сапқа тұрғызып,бірінің артынан бірін екі қолға жалауларды ұқсатып жүргізу және жүгірту;белгі беруі бойынша жалауларды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;қалыпты жағдайдан белгі бойынша шашырау және қалыпқа түсу, жалауларды төмен түсіріп,еденді тарсылдату.
Қимылды ойын: Көліктерді бақылау
(Қоршаған ортамен танысу,сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері:Балаларға көліктер жайлы жалпы ұғымдарды қалыптастыру,көліктердің ары-бері бағытта жүретінін байқату;көліктердің дөңгелектері айналатыны туралы айтуға ынталандыру.
Қимылды ойын :“Торғайлар мен автомобильдер”
(Дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері:Балаларды сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіре алу дағдыларын қалыптастыру;жылдамдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу;ойын сюжетіне ілесіп, торғайлардың қимылдарын сомдауға ынталандыру. Балаларға торғайлар салынған қалташаларды үлестіру.
— Балалар, торғайлар қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші?
Балаларға торғайлар сияқты қанаттарын(қолдарын)жан-жаққа жайып,бұлғауды көрсетеді.
— Жарайсыңдар!
— Балалар,торғайлар жолға отырып, жем шоқиды.
— Қалай шоқитынын көрсетейікші. Балаларға торғайлардың шоқайып отырып жем шоқығанын,саусақтарымен тізесіне соққылап көрсету.
— Торғайлар, торғайлар, ұшыңдар, ұшыңдар! Жолға қонып отырыңдар, жемді шоқыңдар! Рульді ұстап,автомобильді көрсетіп,алаңда шоқайып отырған балаларға қарай жылжу.
— Автомобиль келе жатыр! Абайлаңдар! Ұшыңдар жан-жаққа:
— Ұш,ұш! Ойын екі рет ойнатылады.
Балаларды орындарына отырғызып,құмға машина дөңгелегін саусақпен салуды ұйымдастыру.
«Түстерді тап» ойыны
Мақсат-міндеттері:Балаларға түстерді ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қорытынды:Ойынға жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.