«Kumis Khasyr» қоғамдық қорының Белсенді ұзақ өмір орталығында «Егде жастағы психологиялық ерекшеліктер: ресурсты қайдан алуға болады? Өзіңе қамқорлық. Зорлық-зомбылықтан қалай құтылуға болады?» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Конференцияға психология магистры, клиникалық психолог, кпт терапевты Н.Н. Гусейнова және орталықтың клиникалық психологы А.Е. Жүнүсова қатысты.
Конференция барысында Нина Гусейнова егде жастағы адамдардың психологиялық ерекшеліктері мен алаңдаушылық кезінде психологиялық көмек көрсету техникалары жөнінде баяндады. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық тақырыбында Адия Жүнүсова сөз қозғап, дағдарыс жағдайларында өздеріне көмектесу жолдары туралы айтты.
Бұл шарада қатысушылар «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін әрекетті қазір баста» науқанының символы болып табылатын қызғылт сары түсті атрибутканы қолданды.
Жұлдыз Смаилова
“BILIM Ainasy”
Алматы қаласы