Бекболатова Ботагоз Нурлыбаевна
№ 110 Мектеп-гимназиясының
биология пән мұғалімі.
Бул макалада биология сабагында PBL окыту одістерін колдану аркылы білім алушылардын пәнге деген кызығушылығын арттыру мүмкіндіктері карастырылады. PBL оқыту білім алушыларды ездігінен зерттеу жургізуте, шынайы емір маселелерін шешуге және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағыттайды. Бұл әдістер білім алушыларға биология пәнін тереңірек түсінуге және өз бетінше жобалар жасау арқылы практиқалық дағдыларын жетілдіруге мумкіндік береді. Мақалада PBL оқытудың тимділігі мен олардың білім алушыларға, білімге деген кызығушылығын калай арттыратыны туралы жан-жақты талдауы жасалған.
Кілт сөздер; PBL оқыту, сыни ойлау,практиқалық дағдылар
Қазіргі білім беру жүйесі оқушылар мен студенттерді тек теориялық біліммен каруландырып қана қоймай, олардың практикалық және шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталган. Бұл мақсатқа жетудің тиімді әдістерінің бірі — PBL оқыту.
PBL технологиясы — XXI ғасырдың талабына сай білім берудің тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл әдіс білім алушылардың тек академиялық білімін арттырып қана коймай, өмірлік маңызды дағдыларды да дамытуға кемектеседі. Казіргі уакытта PBL әісін білім беру үдерісінде кеңінен қолдану оқытудың сапасын арттыруға және басекеге қабілетті мамандарды даярлауға мумкіндік береді. PBL -оқу процесін нақты жобаларды орындауға негіздеу. Білім алушылар топпен немесе жеке жұмыс жасап, өздері таңдаған мәселелерді зерттеп, шешімдерін ұсынады. Бул процесс барысында теорияны практикамен ұштастырып, зерттеу, талдау нәтижелерді көрсетіп дағдыларын дамытады.
Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру жүйесінің міндеті -білім алушыларды білімді өз бетінше меңгеруге және оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Жүйе білім алушыларда өз жұмысын бақылау және бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін өз бетінше анықтау және оларды жою қабілеттерін дамытады. PBL әдісін енгізу оқу процесін жаңғыртуға, білім алушылардың шығармашылық және аналитикалық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ туындаған мәселелерді шешуге дағдыларын қалыптастыруға ықнал етеді.
PBL оқу жоспарының саясаты ғылыми білімді қолдану арқылы білім алушылардың қабілеттерін дамытуға кемектесу мақсатында жасалган .
Осы кұзіреттіліктерді менгеру үшін зерттеушілік оқу әрекеттерін қолдануға болады.
PBL әдісін білім беруде колдану нәтижесінде білім алушылардың кәсіби бағдарлануы жаксарады деп күтілуде. PBL сабактарының жоспарлары әзірлеуде курделі болып көрінуі мумкін, өйткені осы бағытта жұмыс істейтін әр педагогтың өзіндік бірегей әдістемесі бар.
PBL адіснін артыкшылыктары.
Практикалык білім: Білім алушылар алған білімдерін шынайы емірде қолдануды үйренеді.
Шығармашылықты дамыту: Жобалар жаңа идеяларды іздеуте және іске асыруга ынталандырады.
Сыни ойлау кабілеті: Білім алушылар мәселелерді жан-жақты талдай отырып, тиімді шешімдер ұсынады.
Коммуникация және ынтымақтастық: Топтық жумыс барысында білім алушылар өзара қарым-қатынас пен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытады.
Тәуелсіздік және жауапкершілік: Жобаны орындау кезінде білім алушылар міндеттерін дербес атқарады және натижесі үшін жауап береді.
PBL оқыту шынайы өмірге байланысты мәселелерді шешуге негізделген. Проблема-бүкіл жобаны кұрудың бастапқы нүктесі. Проблеманы шешу процесі білім алушыларды ақпаратты өздігінен іздеуге ынталандыруы керек. Проблемадан нақты мақсат туындайды, тапсырмалар мен әрекет тәсілдері анықталады, жоспар кұрылады, материалдар мен жабдықтар таңдалады.
Бұл үдерісті педагог әігіме арқылы басқарып отырады.
Экспиременттік зерттеу және модельдеу элементтері.
Көптеген педагогтардың пікірінше, бұл әдістемелік тұрғыдан ең күрделі кезең, себебі осы сатыда білім алушылар зерттеу тәжірибелері мен әдістерін меңгереді. Зерттеу кызметі жобадағы қатысушылардың жас ерекшелістеріне, практикалык жобалық зерттеулер аясында ұгымдар мен зерттеу әдістерін игеру деңгейіне байланысты екенін екеру кажет.
Жобалык-технологиялық.
Бұл кезеңде алынған білім мен нәтижелер негізінде жаңа өнім жасауға бағытталған инженерлік қызмет ұйымдастырылады. Білім алушылар оздерінің практикалык жобаларында механизмдер, техника, бағдарламалар бойынша жаңашыл идеяларды жүзеге асырады.
Сонымен катар, PBL оқыту сабақ элементтері, үй тапсырмасынын нұсқалары немесе аудиторядан тыс іс-шаралардың негізі регінде қолданылуы мумкін.Бұл кезде білім алушылар мәселені анықтау, сұрақ кою, алынған деректер мен нәтижелерді талдау дағдыларын дамытады.
PBL – нақты әлемдегі маселелер мен тәжірибемен жұмыс істеуді қамтитын оқыту моделі. Бұл дәстүрлі, қысқа мерзімді оқыту тәжірибесінен асып тусетін, мұқият жоспарланған оқу әрекеттерін ұйымдастыру моделі. Мұндай оқыту арқылы алынған білім ұзақ мерзімді болып табылады, себебі әртурлі оқу пәндері өзара байланыста қарастырылады.
PBL оқытудың негіздері Л. Выготский, Дж. Брунер, Ж. Пиаже Дж. Дьюи сияқты психологтар мен педагогтардын еңбектерінде дәлелденген. Дж. Дьои ез еңбектерінде тәжірибенің теориядан маңызды екенін ерекше атап көрсетеді. Олардың ілімі білім алушылардың белсенді қатысуына, маселелерді шешу және сыни тұрғыдан ойлау қабілетіне негізделген.
Бұл білім алушылардың шынайы өмірмен тығыз байланысы бар және өздері үшін қызықты деп санайтын оқу әрекетіне катысты. Білім алушылардың алдына қойылатын негізгі міндет — өз білімін бақылап, жауаптарын барлық қолжетімді дереккездерді пайдалана отырып
табу. Соңғы нәтиже басты мақсат болып табылмайды, яғни сол натижеге жету барысындағы алынған тәжирибе үлкен маңыздылыққа ие. Бұл жағдайда биология оқу пәні гылыми-танымдық іс-әрекет дағдыларын дамыту үшін тамаша пән болып табылады. Биология жеке ғылым емес, ол басқа да ғылым салаларымен тығыз байланыста Биологияны оқытуда PBL қолданудың әдістемелік негізін В.В.Николина, А.В. Лонтева,Н.А. Степанова, Л.С. Усманова, Е.А.Уханова т.б ұсынган. Алайда, бұл зерттеулердің нәтижелері тәжірибеге әлі толық енгізілген жоқ.
Биологияны PBL окытудагы мыналарды камтамасыз етеді:
— дуниенін ғылыми-тарихи картинасын табысты қалыптастыру;
— айналадағы шындықты білу;
-білім алушылардың тапқа сай білім алуна жағдай жасау;
— білім алушылардың таны-мдық әрекетін белсендіру;
— пәндер бойынша емес, «тақырыптар» бойынша кіріктірілген оқыту;
— ғылыми техникалық білімдерді өмірде қолдану.
-білім мен мансап арасындағы көпір
Қорытынды
Биологиядағы білім беруде конструктивті оқыту тәсілдерін қолдану манызды. Сонымен катар, білім алушылардың негізгі білімді меңгеру барысында сыни тұрғыдан ойлау,проблемаларды шешу және ғылыми ойлау сияқты көзқарастар мен дағдыларды қальптастыру манызды.
PBL артықшылықтарының бірі-бұл білім алушыларға әртүрлі дереккөздерден алған білімдері мен дағдыларын пайдалануға және пән аясында олардың пайымдау және проблемаларды шешу дағдылары мен өзіндік тимділігін дамытуға мүмкіндік береді.Оқытудың конструктивті теорясы білім алушылардан үдерісінін белсенді қатысушылары болуын және жаңа идеяларды кұрылымдауын талап етеді.
PBL әдісінде ол конструктивті оқыту теориясымси үйлеседі, өйткені ол белсенді оқыту, оқытудың тәжірибеге негізделуін талап ету, оқу процесіне жауапты болу және топпен жұмыс жасау сияқты элементтерді қамтиды.
PBL — білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, практикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи оқыту әдісі. Бұл технология білімді теориялық тұрғыда ғана емес, нақты өмірлік маселелерді шешу арқылы игеруге мүмкіндік береді.
PBL әдісі білім беру сапасын арттырын, окушылардың дербестігін, жауапкершілігін және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытады.
PBL тек академнялық білім берумен шектелмей, шынайы өмірлік тәжірибеге
жақындатылған дағдыларды меңгерту арқылы оқушыларды болашақ мамандықтарына даярлаудың тимді кұралы болып табылады.
PBL — казіргі жоне болашақ білім беру жүйесінің іргетасы. Осы әдісті кеңінен қолдану арқылы біз заманауи талантарға сай ойлай алатын, өзін-өзі дамытуға қабілетті және басскеге қабілетті ұрпақты тәрбиелей аламыз.