Home » статьи » Тіл — ұлттың тірегі

Тіл — ұлттың тірегі

Абдраимова Мадина Калмуратовна.
Алматы қаласы
№ 34 КМҚК мектепалды
№ 1  тобының қазақ тілі педагогы

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 34 бөбекжай-балабақшасында «Тіл — ұлттың тірегі» тақырыбында  қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың өтуіне атсалысып, кішкентай мектепалды топтарының  бүлдіршіндерін жан-жақты дайындап баптадым десем артық айтқандығым емес. Тіл — ұлттың мақтанышы, тірегі мен жүрегі екендігін кеңінен түсіндіре отырып, болашақ ұрпағымызды ұлтжанды етіп тәрбиелеу, тілді қадірлеп, қастерлеу және кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру жолында еңбек ету — біздің басты мақсатымыз деп білемін. Қазақ тілі ұстазы ретінде парызым.

Апталықтың әр күнінің өз ерекшелігі болды. Тәрбиеленушілердің ой-өрісін дамыту мақсатында «Мақал — сөздің азығы, жұмбақ — ойдың қазығы» деп аталатын бөлімге кезек бердік. Мұнда балалар тілге қатысты мақал-мәтелдер айтып жарысып, жұмбақ жасырып, шешуін тауып, өзара білім сайысына түсті. Олар ұйымдастырылған іс-әрекет  барысында қолданылған әдістерді пайдаланып, бір-бірімен жарыса сынға түсті. «Қазақ тілім дара тілім», «Тіл құрыса, ел құриды», «Тілім барда мен бармын», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» деп ұрандатқан балалар жаттаған өлеңдерін ерекше тебіреніп айтып шықты.

Сонымен қатар апталықтың келесі күнгі сабағында  түрлі ойындар ойнатылып,  сөзжұмбақ жасырылды. Шаттанып ойын ойнаған балалар бір серігіп қалды. Қазақтың бірқатар ұлттық ойынын меңгеріп жиі ойнап жүрген бүлдіршіндердің бұл жолғы ойындары ерекше әсерлі өтіп, эмоцияға толы болды.

Жалпы балабақша ұжымы бүлдіршіндердің мемлекеттік  тілді жетік меңгеруіне көңіл бөліп, қызығушылықтарын арттыра отырып ізденімпаздық қасиеттерін дамыту жолында еңбектеніп жүргендерін айтпасқа болмас.  Осы мақсатта  тілге қатысты апталықтар, түрлі жиындар мен мерекелік іс-шаралар, көптеген балабақша қабырғасында өтіп жатқан түрлі сайыстар мен семинарларды айтуға болады. Ұжымымыз ұйымшыл, басшы бастап, ұжым қоштап, қашанда қанатымыздың астындағы балаларымызға қазақы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып келеміз.

Тіл апталығы аясында балабақша меңгерушісі Сәуле Сейдалиева да аянып қалмады. Ол өзі әр ұйымдастырылған іс-әрекетімізге қатысып, балалардың өнерлерін тамашалап, ұлтжандылықты бойларына сіңіріп өсіп келе жатқан кішкентайларымызға деген ақжарма тілектерін айтып, қолдап жүрді.

Тіл — елдің асыл қазынасы. Олай болса біз де осымен тоқтап қалмақ емеспіз. Бұдан әрі де осындай апталықтарды өткізіп тұрмақпыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*