Home » статьи » Тарих пәнін оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттырудың маңызы

Тарих пәнін оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттырудың маңызы

Дәулетбек Ләззәт Байшымырқызы,
Алматы қаласы «№180 мектеп-гимназия»
КММ-нің тарих пәні мұғалімі

Тарих пәні – тек өткенді зерделеу ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың ойлау, талдау, сыни пікір айту қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқаратын пән. Тарих пәні тек өткен оқиғаларды үйренумен шектелмей, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуда ерекше орын алады. Бұл пән оқушыларға тарихты терең түсіну мен зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді. Әсіресе қазіргі кезеңде ақпараттық қоғамда зерттеушілік қабілеттердің маңызы артып келеді. Оқушыларды тарихи деректерді дұрыс қабылдауға, оларды сыни тұрғыдан бағалауға, зерттеушілік дағдыларды меңгеруге үйрету —  білім беру процесінің басты бағыттарының бірі. Мен тарихты оқыту арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға баса назар аударамын. Тарих пәні оқушыларға тек фактілер мен оқиғаларды жаттауды емес, сонымен қатар, сол деректердің мәнін түсініп, оны сараптау мен салыстыруды үйретеді. Оқушыларға деректерді жинау, өңдеу, оларды жүйелеу және қорытынды жасау дағдыларын меңгерту арқылы зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі тарихи оқиғаларды салыстырып, олардың себеп-салдарын анықтай отырып, кез келген ақпаратты объективті бағалауды үйренеді. Бұл қабілеттің дамуы  тек тарих пәніне ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалы болады. Оқушылар тек фактіні қабылдап қана қоймай, сол фактінің артында қандай мақсат, себептер тұрғанын түсінеді.

Тарих пәнін зерттеу процесінде оқушылар тарихи құжаттар, жазба деректер, археологиялық табылымдар және т.б. түрлі дереккөздерімен танысады, Әртүрлі ақпарат алып, оларды салыстырып, талдау жасап, әр дереккөздің өз құндылығы мен шектеулерін түсінеді. Бұл зерттеушілік қабілеттің маңызды аспектісі болып табылады, себебі оқушылар тек ақпарат жинаумен шектелмей, оны сыни түрде талдап, нақты қорытынды жасауға үйренеді. Бұл оқушылардың тәуелсіз ойлау қабілетін, зерттеуге деген қызығушылығын арттырады. Зерттеу нәтижелерін презентациялау арқылы ғылыми жұмыстардың негізгі әдіс-тәсілдерін үйренеді, бұл — тарих пәні оқушылардың жеке тұлғалық және интеллектуалдық дамуында маңызды рөл атқаратынының дәлелі. Бұл жұмыс түрлерін қолданудың нәтижесінде оқушылар нақты дереккөздермен жұмыс істеуді, оларды жинақтап, талдауды және өз ойларын жүйелі түрде жеткізуді, тарихи құжаттар, архивтер мен басқа да дереккөздермен жұмыс істеуді, ақпаратты дұрыс қабылдап, оны сыни тұрғыдан талдауды үйренді. Түрлі тақырыпта ғылыми жобалар байқауына қатысып, жүлдегер атанды. Деректерді жинақтау, оларды салыстыру, ғылыми-зерттеу жүргізу, тарихи деректермен жұмыс істеу, ақпаратты талдау, жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасты. Бұл дағдылар қазіргі ақпараттық қоғамда тек тарихты ғана емес, барлық ғылыми салаларды терең түсінуге мүмкіндік берері анық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*