Home » статьи » Көркем  еңбек  сабағында  оқушыларға  киіз басудың жаңа технологияларын  үйрету.

Көркем  еңбек  сабағында  оқушыларға  киіз басудың жаңа технологияларын  үйрету.


Алимова  Назгуль  Серикбаевна
Ақмола  облысы  Біржан  сал  ауданы
Еңбекшілдер  ауылы
Көркем  еңбек  пәнінің  мұғалімі

Көркем  еңбек  сабағында  оқушыларға  киіз басудың жаңа технологияларын  үйрету.

Халқымыздың  дәстүрлі  тұрмысында киіз бұйымдарын жасау жетекші орын алды. Берекелі, салмағы жеңіл, фактурасы жұмсақ және жағымды, ауа өткізетін және жылу ұстайтын қасиеттері бар материал болып табылатын киізді түрлі бұйым жасауда басқа ештеңе алмастыра   алмайтын, киізбен, киіз үй сүйегін сыртын айналдыра жабады. Киіз басу үшін қой жүнін таңдап алады,негізінен күзем жүн алынады. Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһазбен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтарды сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, шамдардың абажуларынан және перделердің безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Олар қазіргі заманғы әр түрлі  технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі  фактуралар мен  маталарды –жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен  аксесуарларды да кездестіруге болады. Олардың ішінде-моншақ,сәнді түйме,шаш қыстырғыш, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқкиім,тіпті етіктер, бөріктер мен береттер, косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар, бизнес-папка мен пеналдар бар. Қолөнершілер сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді, шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды. Бұларға мысалды көптеп келтіруге болады. Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез келген уағында,шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді. Киіз бұйымдар дайындау тіпті балалардың да қолынан келеді, тек оған белгілі бір машық төзім керек. Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілі бар. Бірінші әдіс,атынан көрініп тұрғандай, суды және киіз басу үдерісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді. Оның сабын немесе «Турбо» тәрізді арнайы жуғыш құрал болуы ықтимал. Екінші әдіс соңғы кезде пайда болды. Ол жазық заттарды да, жұмыр көлемі бар заттарды жасауға мүмкіндік береді. Онда арнайы инелер қолданылады. Бірімен –бірін үйлестіре қолданғанда,олар шығармашылық үшін шектеусіз мүмкіндік туғызады.

Қажет материалдар;– Жүн «нақты жасалмақ затқа байланысты меринос,қылшық жүнді немесе биязы жүнді флис.
– Сұйық балалар сабыны,1л ыстық суға сұйық сабынның 1ас қасығын қосу есебінен. Сабын неитрал болғаны жақсы.
– Қалың клеенка төселген үстел,қалың клеенка үстелдің бетін бүлдіріп алмау үшін керек.
– Синтетикалық полотно,тюль,тор, капрон немесе тығыз қағаз-мақта матасы,бұлар сулы жүн қолға жабыспау үшін қажет.
– Түбінде ұсақ тесіктері бар кез келген тостаған немесе су шашуға арналған щетканы пайдалануға болады.
– Суға арналған тостақ.
– Сұйықты жақсы сіңіріп алатын түкті  немесе басқалай қағаз-мақта полотно.
– Артық суды сорғытуға арналған губка.

Көлемдік детальдарды инемен тік шанышпай, детальді майыстырып алмас үшін инені көлбеу, тіпті көлденеңдеу ұстап, өте абайлап бекіту керек. Егер сурет екі түрлі түске боялған жүннен  салынып, олардың бір-біріне біртіндеп, жатық ауысуын қамтамасыз ету қажет болса, онда керек түстерді бір-біріне қатар салады. Әшекей бұйым жасайтын жүн сапалы және жақсы түтілген болуы керек. Жылы сабынды су дайындап алу керек. Жүннің шамалы бөлігін алып алақанымызға салып дөңгелек шар сияқты пішінге клтіріп уқалаймыз. Шар пішінге келтірген жүнді сабын суға малып алып алақанымызға салып дөңгелетіп уқалау керек. Әлсін-әсін сулап жүн қоса отырып  пішінді үлкейтуге болады. Шар пішінді жылы сабын сумен уқалаған сайын жүннің қылшықтары бір-бірімен ұйысып тығыздалып қатая бастайды. Пішін уқалаған сайын кішірейе береді, үстінен жүн қосып отырып өзімізге керекті мөлшерге дейін жасауға болады. Дайын болған шар пішінді таза салқын суға салып шайып белгілі бір уақыт кептіреміз. Кеуіп дайын болған шариктерді өзіңізге ұнайтындай етіп инеге жіп өткізіп, шарик шығып кетпейтіндей жіптің ұшын түйіп алып тіземіз.  Фильснаделдеу немесе құрғақ басу әдісі. Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау –киізді құрғақ басу деп аталады немесе фильснаделдеу (фильс-жүн,надел-ине) деп атайды.

Осы әдісті қолдана отырып картина жасау.
Жұмысқа керек заттар:
– Әр түрлі жүндер.
– Арнайы инелер.
– Поролон.
– Қайшы, түйрегіштер.
– Киіз, фетр.

Жаңа технологияны пайдалану арқылы әшекей бұйым жасау. Алдын ала сурет салынған киізді поролонның үстіне қоямыз. Суретті бедерлеу үшін сызықтың ішіне (екі-үш) қабат жүнді біріне бірін айқастырыра саламыз. Жазық жүннің бетін тегістеп тығыздау үшін оны инелермен өңдейміз. Инені жазыққа тік  сұғуға тырысамыз. Сурет сұлбасын ұқыппен, тәптіштеп, инемен жиі-жиі шабақтайды. Жүн қабаттарын инелердің көмегімен өңдеген соң,айналдырып басу кезінде ол киізді дәстүрлі әдіспен дайындағаннан гөрі азырақ шөгеді. Инемен жұмысты аяқтап болған соң киіздің шетін әдемі ленталармен тігіп аяқтайды. Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсіруде халық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Абай атамыз «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек болар. Мал жұтайды,өнер жұтамайды»-деген болатын. Қолөнер дегеніміз — кәсіптің бірі. Ал кәсіпшілік ол адамзаттың тіршілік көзі. Мектеп қабырғасында қолөнердің бастауынан нәр алған жастар болса, өмірде өз орнын таба алады. Киіз басудың тиімді жаңа әдістерінің қыр-сырын меңгере отырып,  оқушылар әртүрлі бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселер жасай алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*