Home » статьи » Білім берудің заманауи жүйесі, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу педагогтардың тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігіне, білім беру мазмұнына жоғары талаптар қоюда.

Білім берудің заманауи жүйесі, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу педагогтардың тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігіне, білім беру мазмұнына жоғары талаптар қоюда.

Айтуре Назерке Ергалиқызы
Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
«№65 мектеп-гимназия» КММ
биология пәнінің мұғалімі 

Түйіндеме. Білім берудің заманауи жүйесі, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу педагогтардың тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігіне, білім беру мазмұнына жоғары талаптар қоюда.

Биология пәні арқылы ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың бір тәсілі практикалық бөлікті жүзеге асыру болып табылады. Бұл негізінен жоғары сыныптарда зертханалық жұмысты оқушылардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бірақ көнерген материалдар техникалық база мен зертхана құрал – жабдығы сабақ үстінде сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді.

 

Кіріспе. Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады.

Жалпы білім беретін мектептерде биологияны инновациялық оқытудың мақсаты — дәстүрлі жүйемен салыстырғанда, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің сапалық өзгеруі. Бұл педагогикалық кәсіби қызметке тәжірибе жүзінде жаңа дидактикалық және білім беру бағдарламаларын енгізудің арқасында мүмкін болады. Іс-әрекеттерді ынталандыру, алынған ақпараттарды өз бетінше талдау қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, ғылым мен практиканың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, балалардың табиғи қабілеттерін барынша ашу арқылы дамыту инновациялық қызметтің негізгі мақсаттары болып табылады.

Көптеген биологиялық процестер күрделілігімен ерекшеленеді. Қиялдық ойлау қабілеті бар балаларға дерексіз жалпылауды үйрену қиын, суретсіз олар процесті түсіне алмайды, құбылысты зерттей алмайды. Олардың абстрактілі ойлауының дамуы бейнелер арқылы жүреді. Мультимедиялық анимациялық модельдер оқушы санасында биологиялық процестің толық бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, интерактивті модельдер процесті өз бетінше «жобалауға», қателіктерін түзетуге және өздігінен оқуға мүмкіндік береді.

Қазіргі мектепте оқытудың кез-келген педагогикалық тәсілі дифференциациялауды қажет етеді. Дифференциацияның неғұрлым терең түрі — бұл оқудың саралау тәсілі.

 

2.1.         Интербелсенді (заманауи) оқыту әдістері

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», — деп К.Д .Ушинский айтқандай, жаңа форматта сабақ беруге көшу – қазіргі таңда оқытудың басты міндеті. Оны жүзеге асырудың бір жолы — интербелсенді әдістерді сабаққа қолдану.

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсатын, негізгі мазмұнын сақтайды.

Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға мүмкіндік береді. Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар:

  • Жұппен жұмыс
  • Ауыспалы үштіктер. Әткеншек
  • Шағын топтардағы жұмыс. Аквариум
  • Аяқталмаған сөйлем Миға шабуыл
  • Шешімдер ағашы
  • Рольдік (іскерлік) ойындар Пікірталас
  • Дебаттар.

Оқытудың интербелсенді әдістерін оқыту формасына қарай 4 топқа бөлуге болады:

Топтық оқу әрекеті — оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады.

Фронтальды интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін».

Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады. Пікірталас оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетін дамытудың маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау болып табылады. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады:

  1. Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.
  2. Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.
  3. Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?».
  4. Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтар- дағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.
  5. Жаңа өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады.
  6. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады: — Не қатты ұнады? — Нені үйрендіңдер? — Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады? — Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қай- да, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.
  7. Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқай- сысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады.
  8. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген са- бақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б.

Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыруға байланысты әдістерді:

  • Тыңдалымға арналған әдістер – аудио, видео, сұхбат және т.б. Мысалы, «Автор орындығы», «Жұппен диктант», т.б. Тыңдалымнан оқушылар ақпаратты түсінуге, болжай білуге, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады және тілдік қоры дамиды.
  • Айтылымға арналған әдістер – оқушының сөйлеу тілі дамиды. «Блиц кездесу»,

«Дебат», «Мен кіммін?», «Джигсо», «Ақылдың алты қақпағы».

  • Оқылымға арналған әдістер – мәтінмен жұмыс, оқулықпен жұмыс.
  • Жазылымға арналған әдістер – сөздік және көру диктанттары, шығармалар және т.б. «INSERT» әдісі.
  • Қорытындылауға арналған әдістер – білімді бекіту. «Пирамида», «Даналық ағашы», «Өрмекшінің торы», «Фишбоун».
  • Танымдық іс-әрекетіне байланысты әдістерді топтастыру. Бұл әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы білімді өз бетінше игереді, ойлау қабілеттерін дамытады.
  • Бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті)
  • Репродуктивті
  • Проблемалы мазмұндау
  • Жартылай ізденіс (эвристикалық)
  • Зерттеу

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.

Проблемалық оқыту — мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі — мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу — дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:

  • ес пен тілді дамытуы;
  • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
  • оқушылардың білімінің белгілі болуы;
  • жақсы диагностикалық құрап;
  • үлкен тәрбиелік күші бар. Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
  • уақыттың көп кетуі;
  • қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.

Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.

 

Индуктивтік әдіс. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады. Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау — оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді.

Өздігінен жұмыс істеу. Бұл әдіс жаңа материалды баяндаған кезде де, сондай-ақ ұғымдарды қайталап, бекіткен кезде де қолданылады. Оқулықпен, хрестоматиялармен, берілген матерталмен оқушылардың өздігімен жұмыс істеуін ұйымдастыру оқытылатын материалдың негізгі қасиетіне қарай анықталады.

Оқушылардың білімін тексеру. Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың білім жағдайын анықтау – оқу процесін жетілдіріп, оның сапасын арттырудың өте қажет жағдайы.

Қорытындылай келгенде, дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып, ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді. Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі — сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы  бірізділік  пайда  болады,  ол-бірте-бірте  балалардың  сабаққа деген қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек деген сұраққа жауап — тек қана шығармашыл болуы.

Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен

«қиын» ұғымдарды ғана меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан — жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде  хабарлар, деректер шығаруға  қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.

Қазіргі               кезеңдегі        білім   берудің                       түпкілікті       өзгеруіне, экологиялық        жағдайларға байланысты, биологиалық    білім берудің басты            мақсаты мен міндеттерінің бірі      оқушыларда биологиалық ойлауды, қарапайым болса да

ғылыми болжамдар     құру    мен     оны     тексеруге       дәлелдер            іздеуді және жоспарлай білуді дамыту.

Мектептегі       оқытудағы      соңғы  кездегі ғылыми- әдістемелік басылымдар беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша

 

пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу .

Дидактика классигі И.Г.Песталлоций еңбектерінде тәрбиелеу өзінің индивидуалдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір- түсінік айқын байқалған.

Мұғалімнің оқушымен бірлесіп шығармашылық еңбек етуі ғалым В.И.Андреевтің пікірінше мынадай ережелер сақтау негізінде іске асады: педагог мүмкіндігінше, өзінің ұстаздық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін үнемі дамытып, отыруы қажет.

Замана талабын сай билогиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп мына принциптерді ұстаған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей бала белсенділігі дамуының тәсілі, ретінде қарастыру, себебі белсенділікті дамыту шығармашылық жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай сабақтар жүйесі керектігін биология пәні ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет.

Ұстаздар тәжірбиелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі, 2006, №6.
  2. Бозбаева Г. Оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006, №5.
  3. https://moluch.ru/archive/88/17452/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*