Home » статьи » «Көңіл кілті- жақсы қарым — қатынас»

«Көңіл кілті- жақсы қарым — қатынас»

Жұмыс орны /мекеме атауы/: Астана қаласы әкімдігінің «№3 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»  КММ

Лауазымы: Педагог-психолог

Аты-жөнім: Омашева Толганай Мусакызы

Жасөспірімдерге арналған коммуникативтік тренинг

«Көңіл кілті- жақсы қарым — қатынас»

/тренинг сабақ/

Дайындаған: Омашева Толганай Мусакызы

Мақсаты:  Студенттер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құруға үйрету.

Түрі: топтық жұмыс, тренинг

Көрнекілігі: плакаттар, А4 қағаз, қалам.

Өткізілген уақыты:  ___________

Қатысқандар: ____ курс студенттері

 

ЕРЕЖЕ:

  1. Құпиялылық
  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
  3. Белсенді боламыз
  4. Бір-бірімізге ренжімейміз
  5. «қазір» және «осында» принципі

 

  • «Менің тренингтік есімім»

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр  білім алушы есімін айта отырып, бүгінгі тренингте оны қалай атау керектігін айтады.

 

  • «Менің көңіл-күйім»жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңыздағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңізді суреттеп салыңыздар .

 

  • Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

 

  • Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

 

  • «Сиқырлы сөздер» ойыны

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал қатысушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші

 

  • «Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған қатысушылар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

 

  • «Ұқсастық шегі» жаттығуы

Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейі, жұп бір–бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.

 

  • «Пульс ойыны»

Дөңгеленіп отырамыз . Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды. Бір ойыншы ортаға шығады. Жүргізуші «басталды» деген белгі бергенде ойыншылар кезекпен қолдарын қысады. Ортадағы ойыншы пульстың қайда кетіп бара жатқанын табу қажет. Жүргізуші «тоқта» деген белгі береді.

 

  • «Суретті аяқта» жаттығуы

Қатысушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Студенттер кезек -кезек шығып, сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.

 

  • Жаттығу «Мәтінді әңгімелеу»

Мақсаты: Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу дағдысын дамыту

Нұсқау: «Қазір бәріңіз бөлмеден шығасыз, тек бір қатысушы қалады. Оған мен мәтін оқып беремін. Осыдан кейін мен бөлмеге екінші қатысушыны шақырамын, ал бірінші қатысушы оған тыңдаған мәтінін әңгімелейді. Содан соң бөлмеге үшінші қатысушы шақырылады, оған екінші қатысушы естігенін әңгімелейді. Сөйтіп барлық қатысушылар аяқталғанша бөлмеге шақырылады. Әр қатысушыны мұқият тыңдау қажет. Содан соң нұсқауға сәйкес жаттығу орындалады. (жетекші кез келген мәтінді алады, ешкімге таныс емес мәтін болғаны жақсы. Мәтін көлемі 50 жолдай. Жүргізушіде мәтіннің екінші нұсқасы болғаны дұрыс, себебі жаттығу қайталануы мүмкін)

Талдау: Ненің есебінде ақпарат бұзылды? Әр қатысушы әңгімеге «өз тарапынан» не қосты? Өмірде солай бола ма? Ақпарат аз бұрмалануы үшін не істеу керек?

 

  • «Менің құндылықтарым» жаттығуы

Адамдар қоғаммен араласу барысында әр түрлі жақсы қасиеттерді игерген, ал қазір жағымды қарым қатынас орнату үшін адамға қандай қасиеттер мен біліктілік қажет екенін айтыңдаршы! Барлығының ойын тыңдап қортынды жасалады.»

 

  • «Бірақ сен …» жаттығуы.

Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, әр қатысушы өзіне төмендегі тұжырымдардың 1-еуін таңдап қағазға жазып қояды. Шеңбер бойымен отырған барлық қатысушы сөйлемді «бірақ сен ..» деп жалғастырады.

  • Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:
    Мен кішкентай бойлымын, бірақ …
    § Мен кейде ұстамсызбын, бірақ …
    § Мен ұялшақпын, бірақ …
    § Мен жалқаумын, бірақ …
    § Мен сөзге жоқпын, бірақ …
    § Мен тым көнгішпін, бірақ …
    § Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ …
    § Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ …
    § Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ …
    § Мені тез күлдіруге болады, бірақ …
    § Мен қырсығып қаламын, бірақ …
  • Мен ашушаңмын, бірақ …
  • Мен көп сөйлеймін, бірақ …

Талдау: Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?

Қортынды: Бір-бір бетке қатысушылар аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген қатысушы сол қатысушыға тілектерін және не сыйлайтынын мысалы: «Қанат мен саған үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!» деп жазуы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*