Аймаханова Гулжанат Нурлановна,
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Коммуналдық Мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
тәрбиешісі
Квест ойыны
ҰІӘ мақсаты: Квест ойыны арқылы балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері: Сөздік қорын дамыту. Ойлау, санау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: хат салынған конверт, үлестірме материалдар, қақпа, сәулесіз күн, 5 сәуле, мұңды және күлімдеген күн.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Армысың алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың достарым!
Міне менің қолым бос
Жылуыма жылу қос.
Жарайсыңдар, балалар.
Бүгін біз «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.
Көзімізді жұмып ұшатын кілемге отырайық .
Ал, балалар, біз ұшып бара жатырмыз ( құстың, ағынды судың, Көліктердің дыбысы) шығады
-Олай болса, көзімізді ашайық, міне білім еліне де келдік.
-Қараңдаршы, балалар, бұл не?
Білім елінің қақпасы жабық екен.
– Ал қақпада құлып бар екен. Енді құлыпты қалай ашамыз?
-Балалар, қақпаның астында хат жатыр.
Хатта жұмбақ жасырулы.
Ішінде адам батпайды
Затыңды аман сақтайды (сандық)
Сандықтан қақпаның кілтін аламыз, қақпаны ашамыз. Оны кім аша алды?
— Қамалды аштық, жарайсың!
-Ой, балалар, тағы да хат тауып алдық!
Сәлеметсіздер ме, біздің қымбатты бүлдіршіндер! Сіздерге білім елінің тұрғындары үндеу жариялайды. Зұлым сиқыршылар біздің күнді сиқырлап, оның сәулелерін әр жаққа шашыратып жіберді, біздің еліміз қараңғыға айналды.
Біздің елдегі үйлер, егістіктер, ормандар, жолдар және өзендер — бәрі жарықсыз қалды және күнді жақын арада қайтармасақ жойылады! Біздің елімізге сиқырды жоюға көмектесіңіз, біз бұл үшін сізге алғыс айтамыз! (қайғылы күннің суреті)
— Ой, балалар, қиын жағдай болды ғой. Қараңызшы, күніміз сондай мұңды болып тұр (мұңды, көңілсіз) .Балалар тұрғындарға көмектесіп, күн сәулесін қайтаруға келісеміз бе? Олай болса, күннің әр сәулесін табу үшін бізге тапсырмалар берілген. Егер сендер тапсырманы өте жақсы орындасақ, онда біз күннің сәулелерін қайтара аламыз. Онда кеттік!
1-тапсырма
Жұмбақ (балаларға жұмбақ жасырып сол жұмбақтың жауабын топтың ішінен іздеп табу керек )
Қабат-Қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Табылған заттың артында күн сәулесі болады, күн сәулесінің артындағы тапсырманы орындап, күн саулесін орнына қоямыз.
Дидактикалық ойын «Санның құрамын анықтау»
2 тапсырма
Суретке қарап мақал-мәтелді табу (Берілген суреттер арқылы мақалды жалғастырып айту.)
(Тапсырманы орындағаннан кейін балалар күн сәулесін алады)
Көз қорқақ,
Қол батыр Бала тілі- бал
Дидактикалық ойын: « Берілген сызбалармен сөйлем құрастыр» ( сызбамен сөйлем құрастыру.)
Мақсаты: баланың сөздік қорын молайту ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
(Тапсырманы орындағаннан кейін балалар күн сәулесін алады,орнына орналастырады.)
3 тапсырма
Жұмбақ жасыр
Өзі ширақ өзі қу
Жүрген жері айғай шу (Түлкі)
Ертегілер бұрышынан түлкіні тауып, артынан күн сәулесін алады.
(Тапсырманы орындағаннан кейін балалар күн сәулесін алып, орнына орналастырады)
«Карусель» дидактикалық ойыны
Мақсаты: балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу, көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.
4- тапсырма
Зұлым сиқыршылар балаларымыздың дене жаттығуларын қалай жасай алатынын көргісі келеді екен.
Сергіту сәті
Апта күндері
Балалардан апта күндерін сұрап, топ ішінде апта күндері бұрышын іздейміз
Сол бұрыштан балалар күн сәулесін алып, орнына орналастырады.
5 тапсырма
Жаңылтпаш айту
Шаш шаштаразға қарады,
Шаштараз шашты тарады,
Шашылған шашты шаңшорғыш
Шапшаң жинап алды!
Балалардан жаңылтпаш не туралы айтылғанын айтып,
сол шаштараз бұрышынан балалар күн сәулесін алады. Күн сәулесінде берілген тапсырманы орындаймыз.
Дидактикалық ойын: «Дыбыстық талдау.»
-Міне, балалар, күн сәлелерін тауып бердік, күніміз жарқырап, күліп тұр.
-Қазір бәріміз ұшатын кілемге отырайық, көзімізді жұмып, бақшамызға оралайық (ертегі музыкасы естіледі)
— Міне, біз оралдық. — Біз қайда болдық? –Ол елде біз қандай тапсырмалар орындадық? Балалар сендерге не ұнады? (Балалардың жауаптары)