Акшалова Гульнур Абдиманапкызы,
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның екінші санат
тәрбиешісі
Бөлімі: Математика негіздері
Мақсаты: Балалардың математикалық қабілеттерін дамыту
Міндеттері: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша білімдерін бекіту.
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойындар арқылы математикаға
деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Балалардың өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру,өзара түсіністікке және
қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Әдістемелік тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, д/ойындар, ӨТШТ
технологиясы
Көрнекі — құралдар: интерактивті тақта, «Ғажайып киіз үй», геометриялык
пішіндер, үлестірмелі құралдар.
Ұйымдастырылған оқу қызмет барысы:
I-кезен:Ұйымдастырушылық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
— Балалар, біз қазір ненің суретін салып тұрмыз?
— Күннің
— Дұрыс айтасыңдар, күн бізге әркашан жер әлеміне нұрын төгіп турады екен.
— Балалар, аналарың күнде тәңертең қайырлы таң деп сендерге айтадыма?
— Иә
— Ендеше, бізде келген қонақтармен амандасайық.
Амансын ба, Алтын күн!
Амансың ба, ЖерАна!
Амансың ба, достарым!
Сәлеетсіздерме, қонақтар!
Тәрбиеші :Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл бар
Балалар бір мезгілде неше ай бар? 3 ай бар
Бізде қазір қандай жыл мезгілі? Көктем
Көктемде ауа- райы қандай болады?
Балалар, бүгін бізде ерекше күн болмақ. Ол үшін интерактивті тақтаға
назар аударайық (Балапан шығады.)
Балапан: Сәлеметсіңдерме, балалар! Менің достарым геометриялық
пішіндердің не екенін білмейді. Маған сендердің көмектерің қажет болып тұр.Менің достарыма түсіндіріп беріңдерші. Ол үшін сендерді білімдерінді
көрсету үшін тапсырмалар дайындап қойдым. Тапсырмалар «Ғажайып кигіз үй » сыртында жасырылған. Егерде тапсырмаларымды
дұрыс орындасаңдар,текше ашылып, ішінен сыйлықтар шығады.
Тәрбиеші: — Балалар, қалай ойлайсыңдар тапсырмаларды орындауға
дайынсыңдарма?
Балалар: — Иә, дайынбыз.
II- кезең: Ұйымдастырушылық- ізденістік
— Міне, балалар, балапан жіберген ғажайып киіз үйі. Олай болса, бізге «Ғажайып кигіз үй » көмектеседі. (Балаларға ойынның шартын түсіндіру)
1.Геометриялық пішін: «Шеңбер»
«Жыл мезгілдері», «Апта күндері»
Дид/ойын: «Тәулік бөліктері»
— Тәулік бөліктерін атайықшы?
таңертең, күндіз, кеш, түн/
Таңертең – ұйқыдан оянамыз, жуынамыз,
Танғы асты ішеміз.
Күндіз — түскі ас ішеміз, серуендейміз, кітап оқимыз.
Кеш — кешкі ас ішіп, ұйқыға дайындаламыз.
Түн — түнде тынығып ұйықтаймыз.
- Геометриялык пішін: «Үшбұрыш»
- Д/о «Сана, ата!» 10 көлемінде тура және кері санау.
Мақсаты: 10 көлемінде тура және кері санау, көрші сандарды табу.
1.6-дан кейін тұрған санды ата? (7 )
2.3-санының алдында тұрған санды ата? (2)
- 5-тен біреуге артық санды тап? ( 6 )
4.8-ден біреуге кем санды ата? (7)
5.4-санының сол жағында орналасқан санды ата? ( 3 )
6.1-санының он жағында орналасқан санды ата? (2)
- «Тапсырманы шеш»
Мақсаты: 5 санының құрамын білу.
- «Сергітусәті»
1,2,3
1,2,3
Ал, қанеки ұш!
4,5,6,7
4,5,6,7
Мынау ауыл шеті
8,9,10
8,9,10
Ал, қанеки қон!
Асықпа да саспа,
1 ден қайта баста…
- Геометриялық пішін: «Сопақша»
- «Кеңістікті бағдарлау» математикалық диктант
Мақсаты:геометриялық пішіндер арқылы,қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай
білу.
5.Геометриялық пішін: «Төртбұрыш»
Д/о :« Сандарды сәйкестендіру»
Максаты: Балалардың сандар туралы ұғымын бекіту .
- Геометриялық пішін: «Тіктөрт бұрыш»
Д/о: «Ауызша есептер»
- тапсырма: ӨТШТ технологиясын пайдаланы отырып
Д/О «Иә, жоқ»
Менің отаным: Балалардың ойда сақтау машықтарын дамыту.
Шарты: «Иә» немесе «Жоқ» жауабын талап ететін сұрақтар қойылады.
-Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. —
—Мынау ненің суреті?
-Қазақыстанның картасы
-Біздің отанымыз Қазақыстан ( Иа )
— Біздің астанамыз Нұр Сұлтан. ( Иа )
-Біздің тұратын қаламыз Қарағанды (Жоқ)
-Біздің туымыз көк түсті (Иа)
-Біз Отанымызды жақсы көреміз (Иа)
Тәрбиеші: Міне, біз бүгін балапанның тапсырмасын орындадық, енді сол
орындаған тапсырмаларды өздеріне жолдаймыз, балапанға жібереміз.
Ш- кезең: Қорытынды
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?
- Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
- Бүгінгі оқу қызметінде сендерге не ұнады, қандай тапсырма қиын
болды?
Балаларды мадақтау, марапаттау.