Home » статьи » Әке тәрбиесі – ұлға үлгі

Әке тәрбиесі – ұлға үлгі

Каренеева Венера Ерболовна,
Астана қаласы әкімдігі
№73 «Аяулым» балабақшасының
меңгерушісі

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұл тәрбиесі –әке меншігінде. Отбасындағы ата-ананың дұрыс ақыл-кеңесімен үлгі өнегесі тағылым тәрбиенің бастауы. Осыны көріп өскен баладан ата- ананы сыйлай білетін жақсы азамат шығары шындық. Адамгершілік, қайырымдылық әдептілік, сияқты қасиеттер үлкендерден көрген үлгімен бойына сіңеді. Үлгі тұтатын әке болса бала адал дос, қолдаушы болып ер жетеді. Сол үшін де қыздар анасына, ұлдар әкесіне еліктейді. Әкенің балаға берер үлкен сыйы –тәрбиесі. Орны бөлек әке тәрбиесі үшін балабақшамызда  балаларға үлгі болар «әкелер мектебі» құрылған.


Қыстың соңғы айына жоспарланған шарамыз ақпан айының 19 күні   әкелер мектебімен бірлесе «Қысқы Азиада»  сайысы. Ата –аналармен ынтымақтастықты нығайтуды, бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы балабақша өмірімен таныстыруды мақсат  еткен іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бір қуанарлығы тілек білдірген әкелер қатары да көп болды . Олар «Жігер тобынан»  Сәдуақас Дарын Талғатұлы ұлы  Талғат Әбілмансұрмен, Мусаев Медет Алдабергенович ұлы  Алдаберген Амирмен,  Әлиханов Марат Құрбангалиұлы  ұлы Құрбанғали Мұхамедалимен, Муканов Нурлан Ибрагимович ұлы Муканов Ануармен, Кубеев Елтай Махамеджанович қызы Махамеджанова Айзеремен бірге қатысты. «Дарын» тобынан  Жайжумов Аскар Ислямович ұлы Ислямов Аслан Аскаровичпен , Жарқын Донайұлы ұлы Еларын Жарқынұлымен⁠, Қойтанов Әбдісаттар Сафарбайұлы баласы Сафарбай Алинур Әбдісаттарұлымен Акбаев Д.Т ұлы Толеугалиев Арланмен Абдуалиев Руслан Омирбекулы ұлы  Омирбеков Ернар Русланулымен бірге жарыстың көркін қыздырды.  «Өнеге» тобынан әкелі балалы  Майлин Мадияр, Майлинов Адилет Бакытжанұлы, Лекер Абай, Лекер Елдос Калжанұлы, Сеитов Ислам, Сеитов Ринат, Амангелді Мухаммад, Амангелді Нариман, Калмаганбетов Амир,Сабитбек Ерасыл Ерланұлы сынға түсті.
Шаңғы тебу арқылы қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру, секіру, жүгіру дағдыларын дамыту, топпен жұмыс жасау барысында достық, шыдамдылық, ептілік, бір-біріне деген құрмет сезімдерін арттыру; таза ауада жаттығу жасауға қызығушылықтарын оятуды мақсат еткен сайыс 6 кезеңге бөлінді. Әділқазылар алқасы мен жарыстың әділ төрелігіне серіктестік байланыстағы Астана қаласы әкімдігінің № 70 мектеп лицейінің дене шынықтыру мұғалімі Қуат Қанатұлы келді.»Шаңғышылар» шаңғымен белгіленген жерге, барады. «Шана спорты» бойынша балалар ватрушкамен жүгіріп барып ойыншық тасыса , әкелер баланы сырғанатты.  «Хоккей» ойынында шайбаны конус арасымен жүргізіп қақпаға кіргізсе,  «Алаңды тазала» кезеңінде секіру обручтан, шарикті күрекпен алып шелекке салу бойынша жарысты.  «Қар атысу» түрлі түсті шариктер, шарикті ортаға шашу, әр команда шарикті қарсыластың алаңына лақтыру , белгі берілген соң қай командада шарик көп болса сол жеңді .»Ски-альпинизм» тауға (үйіліп тұрған қарға) шағып жалау орнату бойынша сайысқа түсті. Сыннан сүрінбей өткен әке мен балалардың бал-бұл жанған түрлері, әкесін мақтан тұтқан баланың қуанышын көргеннен артық бақыт бар ма!?


Ойлаған ойдың жүзеге асып, ұжым болып атсалысқан шараның өз деңгейінде өтуі педагогикалық ұжымның еңбегінің жанғаны. Екі жақты бірліктің ұйытқысы болған балапандар үшін бұл күн естен кетпес балалық шақтың естелігі болды. Жарыс қорытындысы бойынша суырылып алға шыққан үш жеңімпаз  арнайы медальдармен марапатталды. Әке балаға үлгі, ұлы қолдаушысы болған сайысымыздың жеңімпаздары «Жігер» тобынан  Сәдуақас Дарын Талғатұлы ұлы Талғат Әбілмансұр Дарынұлымен «Алтынды» қанжығаласа,»Өнеге» тобынан  Сейтов Ренат Нурсалимович ұлы Сейтов Ислам Ренатұлымен бірге  «Күміс» медальға ие болды. Жүлделі қола медаль «Дарын» тобынан Жайжумов Аскар Ислямович ұлы Ислямов Асланға бұйырды.
Отбасы – қоғамның негізгі бөлігі. Ата ананың қадірі баласы үшін қашанда артық. Баласының болашағы мен бақыты үшін деп жүрген ата ананың баласы үшін уақыт таппай қалатыны жасырын емес. Біз бұл күні осы олқылықты толтырдық. Әкелердің ағынан жарылып ізгі тілектерін білдіруі әке мен балаға тамаша күн сыйлай алғанымыздың белгісі. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстазы болса оны жалғастырушы әрі демеуші ата-анасы екеніне тағы бір көз жеткіздік. Бала үшін үлгі болар бейне ата-ана екенін ұмытпасақ  деймін. Алдағы күндері де ата-аналармен бірлескен талай іс-шараларымыз осындай береке –бірлікте белсенді түрде өтеріне сенемін. №73 «Аяулым» балабақшасының  әкелеріне шын жүректен алғысымды білдіремін.

One comment

  1. В.Ерболовна сізге үлкен алғыс білдіргім келеді.Ата-аналармен тығыз байланыста,ынтымақтастықты нығайтып бірлескен іс-шаралар легі өте керемет өтуде.Балабақшамыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасап,деңгейі көтеріліп жатқаны,жас бүлдіршіндердің ата-аналарымен сабақтастығы үшін өте керемет іс-шара????????????
    Балабақшамыз өсіп,өркендей берсін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*