Махатова Акбопе Турсынкожаевна,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
«№164 бөбекжай – балабақшасы»
МКҚК меңгерушісі
Кулембекова Акбота Берикболовна,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай — балабақшасы» әдіскері
Бауырына басыңды тығып маужырап ұйықтайтын да еркелетіп отырып басыңнан сыйпағанда жаныңды жадырататын да әженің ыстық құшағы…
Өмірден көргені мен түйгені көп ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алатын әженің орнын ешкім алмастыра алмасы анық…
Еркелігі басым, мейірімге зәру балабақшадағы баландарымыздың қасынан ақкимешекті әжені көрсек жылы ұяның шырайы кіретіндей…
Әжелерді ортаға алып ұлға ұлжандылықты, қызға қылықты үйретіп, бесік жырын айтып, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өскен ұрпақ тәрбиелей алсақ біздің мақсатымыздың орындалғаны. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп үлкенді сыйлап өскен ұрпақтан қалай айналмасқа…
Сөзіміздің дәлелі балабақшамызда өнерімен де, өнегелі сөзімен де тәрбиешілерге қолдаушы болып жүрген әжелер өзара сынға түсті. Немерелерін қасына ертіп ақ жаулығымен балабақша төріне шыққан қарттарымызды көргенде ортамыз толып, көңіліміз марқайып қалғаны шындық.
«Асыл әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем» тақырыбымен өткен сайысымыздың біз үшін орны бөлек болды. Әжелердің белсенділігі өз ісіне деген жауапкершілігі бізге үлгі. Балабақша мен ата — аналар арасында тығыз қарым — қатынас орнату, әжелер өз өнерлерін көрсетіп жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатымыз болған, ойлаған ойымыздан асып түскен күн болды. Әр топтан Бұқабаева Бағдат Амангелдіқызы, Керімбекова Жұпаркүл Керімбекқызы, Базгаламова Дина Қызыровна, Жапишева Умитгул Маратовна, Кушманова Гаухар Кенесбековна, Тойлыбаева Майра Аубакировна, Шубаева Жанат, Сарманбаева Бақыттай әжелеріміз сайыс көркін қыздырды.
Бес кезең бойынша сынға түскен әжелер өзін және отбасын таныстырудан бастап өнер сайысында қазақша ән, би биледі. «Өнерлі саусақтар»кезеңінде қол өнер бұйымдарын көрсетті. «Сыр сандық» сұрақ жауап бөлімінен сүрінбей өтіп, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Мерекелік көңіл күй, әжеге арналған жүрек тербер әндер мен ұлттық киімі жараса кеткен тәрбиешілердің бәрі бәрі тамаша көрніс.
Жанға жылу, көңілге медет болар жылы сөз шексіз мейірім міне біз аңсаған бейбіт күннің жылуы…
Қарттарымыз жүрген жер ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әжелеріміздің дайындығына айтар сөз жоқ бірақ сайыс болған соң жүлделі орын болары сөзсіз. Қарлығаш тобындағы Рахметулла Мұхаммедалидің әжесі Сарманбаева Бақыт бас жүлде иеленсе, I орынға «Ертөстік» тобындағы Нұрақын Алаудың әжесі Бұхабаева Бағдат Амангелдіқызы ие болды. Жүлделі II орынды «Ертөстік» тобындағы Шадыхан Айзеренің әжесі Керімбекова Жұпаркүл Керімбекқызы алды. «Бәйтерек» тобындағы Нұрдосұлы Айсултанның әжесі Кушманова Гаухар Кенесбековна жүлделі III орынға ие болды.
Базгаламова Дина Қызыровна, Жапишева Умитгул Маратовна әжелеріміз «Өнерлі әже» Тойлыбаева Майра Аубакировна « шебер әже», Шубаева Жанат «мейірімді әже» аталымымен марапатталды. Балаша қуанып, ризашылықтарын жеткізген әжелеріміздің берген ақ батасы біз үшін бәрінен қымбат. Алматы қаласындағы «№164 бөбекжай- балабақшасы» ұлы құндылықтан ажырап қалған ұлтымыздың бүгінгі ұрпағын әже «әлдиімен» өсіріп, асыл қасиеттерге баулып келеді. Бұл бүгінгі «қоғамның дерті» саналар болмысымыздан ажырап қалған кезіміздің орнын толтырғанымыз. Ұрпақ санасына өз ұлтының ұлылығын, тілі мен ділін дарытатын қазақы тәрбиенің бастауы болған «әжелер мектебінен» ажырамайтынымыз анық. Бізге қолдаушы болған қарттарымыз аман болсын. Сайысқа қатысқан барлық әжелерге шексіз алғысымызды білдіреміз.