Home » статьи » Семинар-тренинг: «Жас маманның кәсіби қиыншылықтарын жеңу.»

Семинар-тренинг: «Жас маманның кәсіби қиыншылықтарын жеңу.»

Нургалиева Кенжекул Копбергеновна
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ
Педагог-психолог

Мақсаты:  Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл күйін көтеру.

Тренинг барысы:

  1. «Амандасу» жаттығуы.
  2. «Мұғалім болу…» жаттығуы
  3. «Мен ең сұлумын!» сергіту жаттығуы. Музыка терапиясы
  4. «Жағдаяттан шығу жолдары» жаттығуы
  5. «Жер сілкінісі» жаттығуы
  6. «Достық шеңбері» жаттығуы
  7. «Құбыр» жаттығуы
  8. Кері байланыс

Кіріспе:  Қатысушылар : жас мамандар

Құрметті жас мамандар, әріптестер, бүгін сіздермен ұйымдастырылып отырған психологиялық тренингке қош келдіңіздер!Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді.

Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:
— «қазір және мұнда»;
— шынайы болу;
— жауапкершілік;
— «тыңдап ал, содан кейін айт»;
— белсенді болу.
Олай болса, тренингімізді бастаймыз.

  «Амандасу»  жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіру. Сенімділік және құрметтілік атмосферасын құру.

Психолог:  Құрметті ұстаздар біз сіздермен Бумба- Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық.  Ол тайпаның дәстүрі бойынша былай амандасу керек.  Қазір біз екі топқа бөлінеміз, 1-топ  2 топқа барып бір біріңіздің бірінші оң иығымызбен сосын сол иығымызбен амандасамыз.  Ал екінші топ бірінші топқа барып бір біріңізбен  арқаларыңызды түйістіріп үйкелейсіздер.

«Мұғалім болу …» жаттығуы

Тренингке қатысушы жас педагогтар бүгінгі тренингімізді «Мұғалім болу …» жаттығуын жүргізейік. Әрбіріңіз осы мұғалім болудағы мақсаттарыңыз, бұл мамандықты не үшін таңдағандарыңызды осы фразаны жалғастыру арқылы бір сөзбен жеткізіңіздер.

«Мен ең сұлумын» сергіту жаттығуы.

Бұл сергіту жаттығуы үшін екі алжапқыш  және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір алжапқыш пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, алжапқышты киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын», — деп айтады. Содан соң алжапқыш пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады. Оның соңынан келесі қатысушы дәл соны жасайды.

« Жағдаяттан шығу жолдары» жаттығуы

  1. «Жұмыс күнінің ортасында сіз бірге жұмыс істейтін адамның туған күні екенін білдіңіз. Тез арада қандай сыйлық сыйлайтыныңызды ойластыру керек. Бұл жағдайда сізде қандай да бір ерекше ой бар ма?»
  2. «сіз балалармен сапарға шықтыңыз. Кенеттен кешке қарай сіздер орналасқан мейманханада жарық бірнеше сағатқа сөніп қалды. Бұндай жағдайға сіздің дайындығыңыз бар ма? Балаларды немен қызықтыра аласыз?»
  3. «Мерекелік концерт болайын деп жатыр. Ұстаздардың арасынан бірнеше номер қажет болды. Артист – ұстаздар кенеттен ауырып қалды. Бұл жағдайда сіз немен қызықтыра аласыз?»
  4. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да, киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай шара қолданасыз?
  5. Сіз бүгін қандайда бір жағдаймен сабаққа айын емессіз.Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
  6. Сабақ үстінде оқушылар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Екінші оқушыға ұрса бастайсыз ба, әлде не істейсіз?
  7. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар» — деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
  8. Оқушыңыз сабаққа зейін қоймай жан-жағына қарап отыр.Сабақта өзін дұрыс ұстамай отырған оқушымен сіздің қарым-қатынасыңыз.

 «Жер сілкінісі» жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші «шатыр» деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған ұстаздар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы ұстаздар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда бергенде, барлығы орын ауыстыруы керек.

«Достық шеңбері» жаттығуы

Мақсаты:  ұжымға бейімделуге бірлесе отырып команда құру.

Қатысушылар шеңбер болып тұрып, әр қайсысы кесілген ленталарды алып, бір біріне қосады. Бір бірінің қолынан ұстап тұрып, осы шеңбердің ішінен лентадан бір бірлеп өту қажет.

«Құбыр» жаттығуы

Мақсаты: әріптестік қарым-қатынасты нығайту.

Қатысушылар қатармен тұрып, ақ қағаздан құбыр жасайды. Жүргізуші допты сол құбырмен жібереді. Қатысушылар сол құбырмен допты түсірмей құбырдың  аяғына дейін алып барып, құбырдан домалатып түсіру керек. Соңында барлығы шапалақтап қол соғады.

Кері байланыс.  Семинар тренингтен  алған әсерлерімен бөлісу.

Шарты: барлығымыз шеңбер болып тұрамыз.

— Менің қолымда жүрек  таяқшасы тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, сонымен бірге әріптестеріңіздің атына тілегіңізді айтыңыз.

Қорытынды:  «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды.» демекші, қадірлі әріптестер шәкірттеріңіз білім әлемінде биіктерден көрініп, еңбектеріңіз арқылы мектебіміздің өркендей, өрлей беруіне тілектеспін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*