Home » О нас » Білім жолы

Білім жолы


Алматы қаласы
ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы
 №140 гимназия» МКК-нің
11 «А» сынып оқушысы
Жумайбеков Бақыт

Білім жолы

Білім деген тіршіліктің бұлағы,
Адамзаттың басты сайман құралы
Тірі жанды ұлылыққа жетелер,
Саналының қамалы мен тұрағы.

Білім деген ізденгеннің ұраны,
Талаптанған құмартқанның сұрауы
Жүрек ішін парасатпен гүлдетер,
Ғаламаттың хош иісті жұпары.

Білім деген берекенің ордасы,
Берілместің жақын досы құрдасы
Бұл жаһанда адам даңқын көтерер,
Тәртіппенен тұрақтылық жолдасы.

Білім деген асыл байлық қазына,
Қанағатқа тұтпағын сен азына
Тоқтамастан білім жолын көздесең,
Тап боларсың даналықтың бағына.

Мінез керек білім, ғылым алуға,
Шаршамастан көкте қанат қағуға.
Білім деген мұхит суда қалқығын,
Өзіңді де, фәниді де тануға.

Білімділер өмір мәнін табуда,
Жаңа ғылым, жаңа зейін ашуда
Бізге енді дұрыс болмас дәл қазір,
Білім қумай ешбір іссіз жатуға.

Бауырларым білім жолын көздейік,
Ғылымменен, мол ілімді іздейік.
Білімдінің босқа өтпес өмірі,
Сондықтан да білімділер тым биік.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*