Home » Новости » Көктемгі кафе

Көктемгі кафе

Алматы қаласы, Медеу ауданы, “Березка” балабақшасында 8 наурызға байланысты іс-шара өтті.

Іс-шараның басында балабақша меңгерушісі Кудебаева Гульмира Сайлаухановна өзінің алғы сөзімен бастады. Бұл іс-шараның мақсаты: Ана- емірдің шуағы, ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту .Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аналардың енбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербете отырып, қызметін де үйлестіріп отырған аяулы аналар. Бүгінде әйелдер жетістікке жетпеген қызмет саласы жоқ десе де болады. Ең жауапты салаларда еңбек ете жүріп, әрқашан жоғары кәсіби шеберліктеріңізді көрсетіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде табандылық танытып, ерекше әрі тиімді шешім таба біледі. Осындай ерекше жандарды аналарын, әжелерін қуанту мақсатында “Березка” балабақшасының бүлдіршіндері арнайы қойылым жасады.

Ортаға жүргізуші болып екі қыз шығып, келген қонақтардан не қалайсыздар? деп тапсырыс сұрады. Әрине қонақтарымыз бүлдіршіндерден ән, би, көрініс, өнерлерін сұрады. Тәрбиеленушілер ана туралы әнді үш тілде айтты. Үш тілде ана туралы өлең шумақтарын оқып бәрімізді таң қалдырды. Бүлдіршіндерді осындай білімге баулыған тәрбиешінің Каклеева Ирина Алексеевна және Сосновская Ирина
Анатольевнаның еңбегін астын сызып тұрып айтпасқа болмас.

Келесі кезек ойынға берілді. Ортаға екі бала мен аналары шықты.Балаларға аяқтың ізі берілді, сол ізді жүру арқылы кім бірінші өз анасына жетсе, сол жеңімпаз болды. Кейін ортаға әже туралы қойылым қойып, асыл әжеміз туралы да ән шырқады. Қыздарымыз мың бұрала би бір емес бірнеше би билеп, тәрбиеленушілердің барлығы оркесторда ойнады. Әдемі костюмдермен әрлеп, би, ән үйреткен би-жетекшісі Глазкова Елена Николаевна мен ән-күй жетекшісі Галушка Мирослава Федоровна еңбегін түртіп өтпесек болмас.

Қойылымның соңында соңында бүлдіршіндер аналарына өз қолдарынан жасаған гүлді сыйға тартты. Аналар мен әжелер балаларының өнерін көріп қатты қуанып мақтанып қайтты.


Іс- шара жоғары деңгейде өтті. Березка балабақша ұжымына және меңгеруші Гульмира Сайлаухановнаға мың алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Алматы қаласы
BILIM AINASY
Елназ Тұрсынғалиқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*